Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аяқ-қолы жоқ фотограф суреттерімен елді тәнті етті

Аяқ-қолы жоқ фотограф суреттерімен елді тәнті етті

Индонезиялық фотограф Ахмад Зұлқарнайын туғанынан аяқ-қолсыз. Бірақ оның суреттеріне қарап ешқашан бұлай ойламайсыз. 26 жастағы жігіт ғажайып суреттер түсіреді. Бұл туралы pixanews сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Ахмад Зұлқарнайын ауыр тұқым қуалайтын аурымен туылған, оның аяқ-қолы дамымай қалған. Дегенмен, 26 жастағы фотограф сүйікті ісімен шұғылданып, өз ісінің шеберіне айналған. Ол әртүрлі стилдегі суреттер түсіріп, мүгедектік шырғалаңына түспеуге шақырады.
Ахмад кәсіби фотограф. Бір қарағанда ол фотоаппаратты немен ұстайды деп ойлайсыз. Камераны ол иығы мен аузының көмегімен қолданады.
Ахмад жастайынан суретпен айналысады. Оның Bang Dzoel атты фотостудиясы да бар.
Ахмад тапсырыс бойынша фотосессия ұйымдастырады және жүрек қалауы бойынша суреттер де түсіреді.
Бозбала тұрмыс-тіршілікті, модельдердің портфолиосын және табиғат көріністерін суретке түсіргенді ұнатады.
"Суреттерімді көріп адамдар менің қандай болып туылғанымды емес, дарынымды көргендерін қалаймын", - деді Зұлқарнайын.
Ахмад туралы Индонезияда тілшілер көп жазады. Ол көптеген адамдар үшін үлгі. Суреттерді түсіруге барған кезде Ахмад көлігін өзі жүргізеді.
kaz.nur.kz
12 қараша 2018 ж. 1 176 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031