Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сағат сырын біле жүріңіз

Сағат сырын біле жүріңіз

Сағат – кез келген мерекеде сыйлауға тұрарлық зат. Ерлерге арналған келісті қолсағаттар, әйелдерге түрлі тастармен көмкерілген білезік іспеттілері бар. Алайда сағат сыйлауға болмайтын жағдаяттар барын білесіз бе? «Сағат сыйлауға болмайды» деген наным алғаш рет Қытайда пайда болған. Аспанасты елі механизмі бар дүниеге аса сақтықпен қарайды. Иероглифтеріндегі өлімді бейнелейтін таңба – сағат белгісіне ұқсас екен. Сондықтан шығыс даналары бір-біріне сағат сыйлаудан қашады. Сондай-ақ сүйіктіңізге неге сағат сыйлауға болмайтынын білесіз бе? Мұның соңы айырылысуға апарады деген тұжырым бар. «Сағат тілі тоқтағанда, сезім алауы да сөнеді» дейтін пікірлер де жоқ емес. Тіпті ол ең сенімді механизм санатында болса да. Кейбір бойжеткендер жігіттердің сағат сыйлауын «айырылысайық» деп түсінуі де мүмкін. Сол себепті, сыйлық таңдағанда абай болғаныңыз абзал. Бұған сенесіз бе, жоқ па өз еркіңізде. Миллиондаған бақытты жұп сыңарының сыйлаған сағатын тағады. Көпшілігі ырым-тыйымдарға сене беруге болмайтынын айтады. Дегенмен жартыңыздың көңілін алаң қылмау үшін дұрыс сый жасай білу қажет.
Құрбыңыздың туған күніне, досыңыздың қоныс тойына, көршіңіздің қуанышына сағат сыйламас бұрын ойланыңыз. Олар сағат сырына қаншалықты мән береді? Кейбір елдерде «сағат тілі тоқтағанда, айнымас достар да ажырайды» деген сөз бар. Сіз сағат сыйлағанда досыңыздың өңі бұзылып кетсе, уайымдамаңыз. Қазір сағаттың да түр-түрі бар. Қорап ішіндегі сыйдың әрі сағат әрі қозғалысты өлшейтін құрал екенін айтсаңыз болады. Не болмаса білезігі бар сағат таңдасаңыз да жетіп жатыр. Қарттың көпшілігі уақытты бейнелейтін дүниені ұната бермейді. Оларға ондай сыйлық өмірдің өтіп жатқанын сездіргендей болады. Сағат тілінің тоқтағаны көңілді құлазытуы мүмкін. Абзалы, қарт адамдарға көңіл қуантарлық сый жасау. Сағат сыйлауды қаласаңыз, амалын табуға болады. Онда сыйлықтың иесі жақсылыққа жорып, сізге ақсын төлеуі қажет. Міндетті тұрде сыйдың құны емес, ұсақ ақша немесе тиын берсе де жетіп жатыр.
Айзат АЙДАРҚЫЗЫ
18 қазан 2018 ж. 2 523 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930