"Қызыл конвертпен ақша сыйлайды": Қытай халқы Жаңа жылды қалай қарсы алады
Фото: pixabay.com
Қытай Жаңа жылын көптеген әлем халқы тойлайды және ол “көктем мерекесі” деп те аталады. Аспан асты елі бұл мезгілде табиғат оянады деп есептейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Биыл әлем Жаңа жылды шығыс күнтізбесі бойынша 10 ақпанда тойлайды және мереке екі аптаға созылады. Қытай халқы қоян жылымен қоштасып, сәттіліктің, билік және табыстың белгісі айдаһар жылын қарсы алады.
Қытайдағы мерекенің бірінші күні қысқы күн тоқырауынан кейінгі екінші жаңа айға (яғни 21 желтоқсаннан кейін) келеді. Мереке 21 қаңтар мен 21 ақпан аралығындағы күндердің біріне сәйкес келеді.
Қытайлықтар Жаңа жылды отшашумен бастайды. Осылайша олар зұлым рухтарды қуып, әр отбасыға тыныштық пен бақыт шақырамыз деп сенеді. Сондай-ақ Қытай және басқа да Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің халқы адамдарды жамандықтан қорғап, жақсылықты тарту үшін хош иісті заттарды жағады екен.
Жаңа жылдың алғашқы күні қытайлықтар бір-бірінің үйіне қонаққа барады. Сонымен қатар олар жақындарына қызыл конвертпен ақша сыйлауды да дәстүрге айналдырған.
Бұған дейін Қытайда коронавирусқа байланысты шектеулер көп еді. Аспан асты халқы бірнеше жылдан бері алғаш рет Жаңа жылды ешқандай шектеусіз, емін-еркін тойлауда.