Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай Қазақстанның етіне салынған тыйымды алып тастады

Қытай Қазақстанның етіне салынған тыйымды алып тастады

Фото: © Pixabay.com
7 ақпаннан бастап Қазақстаннан Қытайға құс шаруашылығы өнімдерін әкелуге енгізілген және осыған дейін қолданыста болған аусыл бойынша шектеулер алынып тасталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР АШМ мәләметінше, құс шаруашылығы өнімдерін әкелуге тыйым салу 2005 жылдан бастап жалғасып келеді, ал аусыл бойынша шектеулер 2022 жылы енгізілген еді. Шектеулерді алып тастау ҚР оңтүстік-шығыс өңірлерінен Қытайға мұздатылған сиыр және шошқа етін, сондай-ақ құс шаруашылығы өнімдерінің кең ауқымын экспорттауды қайта бастауға мүмкіндік береді.

Ең маңыздысы енді Қазақстан экспорттық тауарлар желісін кеңейту бойынша ветеринарлық талаптарды келісу рәсімін, сондай-ақ Қазақстанның барлық аумағынан кәсіпорындардан экспорттауға келісім алу бойынша жұмысты бастай алады, - делінген мәліметте.

Тыйым салуларды алып тастау туралы шешім президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы ҚХР-ға ресми сапарынан кейін қабылданды. Осы сапары барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның Қытайға мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуге дайын екенін атап өткен еді.

Премьер-министр орынбасары Серік Жұманғарин де көрші елдің тиісті салаларымен бірқатар келіссөз жүргізді. Ал 2023 жылғы қарашада ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ҚХР Бас кеден басқармасының төрағасы Юй Цзяньхуамен ресми кездесу өткізген болатын.

2023 жылы қытайлық тарап құс тұмауы мен аусыл бойынша қауіп-қатерге бағалау жүргізді. Желтоқсан айында ҚХР ГТУ сарапшылар тобы мен ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігінің Қазақстанға сапары аясында жоғарыда аталған ауруларға жеткілікті бақылауды қамтамасыз ету тұрғысынан ветеринариялық қадағалау қызметіне аудит жүргізілді, - деп қосты ведомстводағылар.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қытайға экспортқа бағытталған кәсіпорындар тізілімін кеңейту бойынша жұмысты жалғастырады. Бұл оқиға қазақстандық агробизнеске өз өнімдерін аспан асты елінің нарығына шығаруға жаңа мүмкіндіктер ашады.
09 ақпан 2024 ж. 250 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 75

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 124

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 131

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 94

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031