Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан астық пен ұн экспортының шектеулерін алып тастады

Қазақстан астық пен ұн экспортының шектеулерін алып тастады

Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) астық пен ұнды экспорттауға шектеулерді алып тастау және ірі қара мен ұсақ малды экспорттауға квота белгілеу жөнінде шешімдер қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда дәнді дақылдар жақсы жиналады деп болжам жасалып отыр.
«Биыл 13 млн тоннадан астам бидай жинау жоспарланған, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 12%-ға артық. Ішкі тұтыну үшін шамамен 6,5 млн тонна қажет», - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.
Мүдделі мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҚР ҰКП, Астық одағы, Астық өңдеушілер одағы өкілдерімен, «Шопан-Ата» ұлттық агро-қозғалысының басшысымен бидай мен меслинді, бидай ұнын экспорттауға сандық шектеулерді (квоталарды) алып тастаудың орындылығын жан-жақты талқылау қорытындысы бойынша, сондай-ақ АШМ болжамы негізінде астық пен ұн экспорттауға шектеулерді 2022 жылдың 10 қыркүйегінен бастап алып тастау туралы шешім қабылданды.

Еске сала кетейік, бұл шектеу Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен 2022 жылғы 8 шілде мен 30 қыркүйек аралығына енгізілген болатын.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне астық экспортына мониторинг жүргізу және астық пен ұн экспортын одан әрі реттеу мәселесін пысықтау тапсырылды.
«Отырыс барысында аналық мал басын қоспағанда, ірі қара және ұсақ қара малды экспорттауға сандық шектеу (квоталар) белгілеу мақұлданды. Статистикаға сүйенсек, 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, ірі қара мал саны – 9,4 млн бас, оның ішінде 4,5 млн сиыр, 3,2 млн төл бар. Қошқар экспорттауға 60 мың бас немесе жалпы мал басының 9%-ы, сондай-ақ 120 мың бас тоқты немесе жалпы мал басының 10%-ы мөлшерінде квота белгілеу туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.

2022 жылғы 21 қаңтар мен 21 шілде аралығында ірі қара және ұсақ малды экспорттауға тыйым салынған болатын.
01 қыркүйек 2022 ж. 651 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 119

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 107

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930