Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда астық пен ұн экспортына қойылған шектеу алынып тасталды

Қазақстанда астық пен ұн экспортына қойылған шектеу алынып тасталды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев 2022 жылдың 14 қыркүйегінен бастап астық пен ұн экспортына қойылған шектеулерді алып тастау туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.Министрлік ауыл шаруашылығы өндірушілері бидай мен ұнды шетелге шектеусіз сата алатынын мәлімдеді.
Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бидай мен ұн экспортына квота енгізу туралы шешім бұған дейін қабылданған болатын. Алайда әлемдік нарықтағы жағдай тұрақталып, Қазақстандағы астық шығымдылығының оң болжамдарынан кейін квотаны алып тастау туралы шешім қабылданды.
Бүгінгі таңда республиканың барлық өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда. Әкімдіктердің мәліметінше, 11,3 миллион гектар астық жиналған. Бұл жоспардың 69,8 пайызын құрайды. Орташа өнімділігі 12 ц/га құрайтын 13,5 млн тонна астық жиналды. Ал 2021 жылы дәл осы күні орташа өнімділік 8,9 ц/га құраған болатын.
Еске салсақ, мәжілісте ҚР ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев астық пен ұн экспортына шектеулер екі апта ішінде енгізілетінін және ол 15 маусымға дейін жалғасатынын мәлімдеген болатын.
15 қыркүйек 2022 ж. 536 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 116

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 105

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930