Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Камбоджада көбірек турист тарту үшін жаңа әуежай ашылды

Камбоджада көбірек турист тарту үшін жаңа әуежай ашылды

Қытай көмегімен Камбоджаның туристік аймағы Сиемриеп провинциясында жаңа халықаралық әуежай ашылды. Әуеайлақтың жанында әлемге әйгілі ежелгі үнді ғибадатханасы Ангкор-Ват орналасқан, - деп хабарлайды tengritravel.kz
Алғашқы әуерейс Бангокқа дүйсенбіде қонды. Bangkok Airways орындаған рейсті "Сиемриеп Ангкор халықаралық әуежайында" Камбоджаның вице-премьері Вонгсей Висот күтіп алды.
Әуежайдың ұшу-қону алаңы 3600 метрге созылған және әлемнің барлық елінен халықаралық рейстерді күтіп алып, шығарып салуға барлық мүмкіндік жасалған.
"COVID-19 пандемия кезеңінен кейін жоба аясында Сиемриеп провинциясында туризмді дамытуға жаңа серпін береді. Бұл Камбоджа мен Қытайдың нәтижелі серіктестігінің арқасында жүзеге асқан жоба болды", - деді вице-премьер.
Газет тілшілерінің мәліметінше, Сиемриеп Ангкор халықаралық әуежайы 2024 жылдан бастап жылына 7 миллион жолаушыны қабылдай алады, ал 2040 жылдан бастап бұл сан жылына 12 миллион жолаушыға дейін артады. Хаб тарихи "Ангкор-Ват" саябағынан 40 шақырым жерде және сол провинцияның астанасы Сиемриеп қаласынан 50 шақырым жерде 700 гектар жерде орналасқан.
19 қазан 2023 ж. 218 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30