Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Назарбаев халықаралық әуежайы жолаушылар көлемін арттырды

Назарбаев халықаралық әуежайы жолаушылар көлемін арттырды

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 2018 жылғы қаңтар-маусым айларында 2 млн. 145 мың 154 жолаушыға қызмет көрсетті, бұл көрсеткіш 2017 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 17 %-ке көп, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«2018 жылғы жарты жыл ішінде халықаралық әуежай ішкі бағыттағы жолаушылар көлемін 12 %-ке арттырып, осы аралықта 1 млн. 346 мың 578 адам әуежай қызметіне жүгінген. Бұдан өзге, ағымдағы жылғы қаңтар-маусым айларында елорданың әуе қақпасы халықаралық бағыттағы 798 мың 576 жолаушыға қызмет көрсетіп, 2017 жығы 1-ші жарты жылдықтағы көрсеткіш нәтижесін 26%-ке арттырған», - делінген компания хабарламасында.
Сондай-ақ, 2018 жылғы 1-ші жарты жылдықта Астана әуежайынан 14 мың 353 ұшақ ұшу сапарларын орындаған (бұл көрсеткіш 2017 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 11%-ке артық).
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Еуразия құрлығындағы соңғы үлгіде салынған әуежайлардың бірі, бұл жерден тәулігіне 160 –қа дейін ұшақтардың ұшу және қону сапарлары орындалады. Елорда әуежайы сағатына 2500 жолаушыға қызмет көрсете алады. Әуежайда отандық және шетелдік әуе компанияларының, ішкі бағыт бойынша 21 және халықаралық бағытпен 36 ұшақ рейстері жүзеге асырырылады.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы халықаралық әуежай 4 млн аса жолаушыға қызмет көрсетті.


20 шілде 2018 ж. 1 202 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930