Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Аяғы сал тартып, жүре алмай қалған»: Жүзден астам оқушы белгісіз аурумен ауруханаға түсті

«Аяғы сал тартып, жүре алмай қалған»: Жүзден астам оқушы белгісіз аурумен ауруханаға түсті

Кенияның батысындағы Эреги қаласындағы Әулие Тереза қыздар орта мектебінде белгісіз ауру таралып, 106 оқушы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды oinet.kz
Ауруханаға түскен оқушылар зертханалық тексерудің нәтижесін күтіп отыр. Аталған белгісіз сырқаттың негізгі белгісі – аяқтың сал тартуы. Осыған байланысты қыздар аяғын басып жүре алмайды. Сондықтан мыңнан астам білім алушы үйлеріне жіберілді. Жағдай бағаланып, қажетті шаралар қабылданғаннан кейін ғана олар мектепке қайта оралады. Бастапқы зертханалық қан сынақтары зардап шеккендерде электролит деңгейінің жоғарылағанын көрсетті. Бұл адам денесі сұйықтықты жоғалтады дегенді білдіреді. Қан үлгілері одан әрі талдау үшін ел астанасы Найробидегі Кенияның медициналық зерттеу институтына жіберілді. Кенияның медициналық және ғылыми-зерттеу институты аурумен күресу үшін шаралар қабылдады. Батыс өңірінің денсаулық сақтау саласының қызметкерлері де дерттің таралуына қарсы барлық қажетті шараларды қолданып жатқандарын айтты. Какамега ауданының медициналық директоры Стивен Вандей ата-аналар мен мектептерді сақ болуға шақырды. "Оқушылардың үйлеріне жіберіп, туыстарымен қауыштырмас бұрын олардың қандай дертке шалдыққанын анықтауымыз керек. Ауру жұқпалы болып шықса, оқушылардың үйлеріне қайтуына рұқсат бермеу керек. Егер олай жасасақ соңы үлкен апатқа тап болады", – деді Стивен Вандай.


06 қазан 2023 ж. 355 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 102

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930