Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ташкенттегі жарылыс салдарынан 163 адам жарақат алып, жасөспірім қаза тапты

Ташкенттегі жарылыс салдарынан 163 адам жарақат алып, жасөспірім қаза тапты

Ташкенттегі өнеркәсіп қоймасында болған жарылыс салдарынан 17 жастағы жасөспірім қаза тауып, 163 адам жарақат алды. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 24 адам Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы мен оның Ташкент облыстық филиалына, қалалық жедел жәрдем ауруханасына, 1-ші республикалық және 1-ші қалалық клиникалық ауруханаға, 1-ші перзентханаға жатқызылған.
Қалған 138 зардап шеккендерге амбулаторлық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілген.
Ал 17 жастағы жасөспірімнің өз пәтерінде қайтыс болғаны туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі растады.
"Қазіргі уақытта стационарда емделіп жатқан науқастардың арасында ауыр жарақат алғандар жоқ. Олардың денсаулықтары қанағаттанарлық. Медициналық көмек көрсетуге республикамыздың жетекші мамандары жұмылдырылды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Жарылыс толқыны көпқабатты үйлердегі ондаған пәтердің терезелерін сындырған. Көптеген тұрғындар көліктеріне ұйықтауға мәжбүр болған. Кейбір көліктерге зақым келген.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жарылыс болған жерге 16 өрт сөндіру және құтқару бригадасы мен үш баспалдақ көлігі жіберілді.
28 қыркүйек 2023 ж. 350 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30