Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресей үкіметі рубль курсына тәуелді экспорт салығын енгізді

Ресей үкіметі рубль курсына тәуелді экспорт салығын енгізді

Жаңа Қаулыға сәйкес, 1 қазаннан бастап Ресейде рубль бағамына байланысты тауарлардың кең тізіміне уақытша икемді экспорттық салық қолданыла бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz
"Шара уақытша сипатқа ие және ішкі нарықты қорғауға бағытталған. Салық мөлшері ұлттық валюта бағамына байланысты 4-тен 7% аралығында болады. Курс $1 үшін 80 рубль не одан төмен болса, онда баж салығы нөлге тең. Тыңайтқыштар үшін салық рубль бағамына байланысты 10%-дан аспайтын мөлшерде болады", - делінген хабарламада.
Әзірге салық мөлшері көрсеткіштері:
мониторинг барысында доллар курсы орташа есеппен 80 мен 85 аралығында болса, онда құнның 4%;
85-90 рубль болса — 4,5%;
90-95 рубль жағдайында — 5,5%;
95 рубльден асып түскенде — 7% болады деген болжам жасалды.
Үкімет мұндай шараның қолға алынуы тауарларды сыртқа шығару мен ішкі тұтынудың ұтымды арақатынасын сақтау мақсатында қолданылатынын және ішкі нарықты бағаның негізсіз өсуінен қорғауға көмектесетінін атап өтті. Экспорттық салық 2024 жылдың соңына дейін қолданыста болады, деп нақтылады Министрлер Кабинеті.
"Курсқа байланған" экспорттық салықтардан, атап айтқанда, шикі мұнай, мұнай өнімдері, газ конденсаты, табиғи газ және СТГ, бидай (тұқымдық және өзге де), қара бидай, арпа, жүгері (барлығы — тұқымға жатпайтын), күнбағыс майы, күнбағыс шроты, ағаш материалдары, қара металдардың қалдықтары сияқты тауарлар алып тасталды, мыс, никель, қорғасын қалдықтары мен сынықтары сынды тауарлар босатылды. Сондай-ақ салық машиналарға, жабдықтарға, механизмдерге, электротехникалық жабдыққа, жерүсті көлік құралдарына, ұшу аппараттарына, кемелерге, құралдарға (оптикалық, фотографиялық, медициналық, бақылау), жиһазға, ойыншықтарға (СЭҚ ТН 84-96 топтары) қолданылмайды.
4-тен 7%-ға дейінгі бағамдық салық балық пен моллюскалар, құстардың жұмыртқалары, көкөністер мен жемістер, алкоголь, жарылғыш заттар, кейбір химиялық өнімдер (цементтер, бетондар, тежегіш сұйықтықтар, антифриздер), полимерлер, каучук, резеңке және олардан жасалған бұйымдар (гигиеналық өнімдерді, оның ішінде контрацептивтерді қоспағанда), табиғи және жасанды жүн, қағаз және картон, жүн, мақта, химиялық талшықтар, тоқыма материалдары, керамика, бағалы металдар мен зергерлік бұйымдар, шойын, ферроқорытпалар, қара металдардан жасалған бұйымдар, мыс және одан жасалған бұйымдар (сымнан, плиталардан, жапырақтар мен жолақтардан, мыс фольгадан басқа), никель, өңделмеген алюминий, қорғасын, мырыш, қалайыға қатысты болмақ.
Азотты тыңайтқыштарға қатысты мөлшерлеме 10% құрайды, бірақ тоннасына кем дегенде 1100 рубль., мониторинг кезінде доллар бағамының орташа айлық бағамы 80 рубльден асуы тиіс.
Фосфор үшін — 10%, бірақ тоннасына кем дегенде 2100 рубль, орташа бағамы 80-нен жоғары болған жағдайда, калий — 10%, бірақ тоннасына кем дегенде 1800 рубль, дәл сондай курс көрсеткіштерімен.
25 қыркүйек 2023 ж. 277 0

Мен таңдаған мамандық

30 қараша 2024 ж. 28

Отыз жылдық белес

30 қараша 2024 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930