Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанға Ресейден пошта арқылы сәлемдеме жеткізу құны арзандады

Қазақстанға Ресейден пошта арқылы сәлемдеме жеткізу құны арзандады

Қазпошта мен Ресей Поштасы корпоративті клиенттерден сәлемдеме жеткізу қызметінің тарифін 2,5 есе азайту туралы келісімге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Ресей поштасы компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылдың маусымынан бастап корпоративті клиенттерден сәлемдеме жеткізу құны 1 келісіне 474 рубль (бүгінгі күні 1 рубль 5,81 теңге) құрайды. Бұрын бұл қызмет 1197 рубль тұрған еді. Әрбір қосымша келі бұдан былай 214 рубльдің орнына 120 рубль тұрады. 2021 жылдың шілдесіндегі пошта жеткізілімінің жаңа бағдарының арқасында жер үсті сәлемдемелерді жеткізу мерзімі де 10 күннен 6-7 күнге дейін қысқарды. Мәскеуден, Ресейдің батысынан келетін сәлемдемелер Мәскеуден бірден Нұр-Сұлтанға бір күннен кейін жетеді. Бұрын сәлемдемелер Орынбор арқылы Қазақстанға автокөлікпен жеткізілетін. «Ресей поштасы» АҚ электронды коммерция жөніндегі бас директоры Алексей Скатиннің айтуынша, бұл әдіспен Ресей ЕАЭО елдеріне ресейлік тауарларды көбірек экспорттауға ынталы болып отыр. Ресей поштасының мәліметіне сәйкес, Қазақстан Ресейден экспортқа тауар шығарылатын елдердің ондығына кіреді. 2021 жылдың І тоқсанында ресейлік пошта Қазақстанға 40 мың сәлемдеме жеткізген.

08 шілде 2021 ж. 584 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 28

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 30

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 33

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031