Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейде коронавирус қайта күшейді

Ресейде коронавирус қайта күшейді

Көрші елдің ауруханаларында қазір 210 мыңнан аса адам жұқпалы дертке қарсы ем-дом алып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Билік бұл жағдайдан қауіптеніп, коронавирустың алдын алатын анықтау жүйесін енгізбек. Кей аймақтарда індетке қарсы шектеулер енгізіле бастады. Мәскеуде вирус жұқтыру көрсеткіші бұған дейінгідей жоғарғы деңгейге жетпесе де, жағдай алаңдарлық. Соңғы бір аптада вирустың таралуы 30 процентке артып, ауруханаға түскен науқастар саны 20 процентке өсті. Қалада дертті алдын ала анықтау жүйесі, яғни адамдарды жаппай тестілеу енгізілмек. Ірі сауда орындарында ПТР-тест тапсыру орталықтары ашылып, мектептерде тестілеу жүргізіледі. Ал ауруханаларда респираторлық ауру нышанымен келген тұрғындардың бәрі 10 минуттық экспресс-тест тапсырады.  Елена Кубышкина, дәрігер: п Экспресс-тестің қорытындысы 85 процент жағдайда ПТР-тестің нәтижесімен дәл келеді. Оны жасаған компанияның өзі тест нәтижесінің дәлдігі 92-95 процентке сәйкес екенідігін айтып отыр. Қазір елде вирус қайта өршіді. Сондықтан бұл жоба ауруды дер кезінде анықтап, індеттің таралуына шұғыл тосқауыл қою үшін қолға алынып отыр.  Індеттің жаңа ошақтарын тез анықтау өте маңызды дейді мамандар. Себебі қазір Ресейдің барлық аймағында вирустың таралуы қайта күш алып, өлім-жітім көбейген. Бірқатар аймақта QR жүйесі енгізіліп, зейнеткерлердің вирус жұқтыруы артқанына байланысты қарттарды оқшаулау қолға алынды. Аурудан жазылып шыққан азаматтар да тәуекелі жоғары топқа жатқызылған. Анна Попова, Ресей тұтынушылар құқықтарын қорғау қызметінің басшысы: – Өкінішіке қарай коронавирустан емделіп шыққан адамдардың иммундық жүйесінің қалпына келуі көп уақытқа созылады. Сондықтан осы топтағы адамдарға ерекше назар аударылып, олардың вирусқа қарсы екпе алуына мән берілуі керек. Қазір Ресейде коронавируске байланысты 976 мың адам дәрігерлердің бақылауына алынған. Дертке қарсы халықтың 40 проценті толық вакцина алып, 49 миллионы бірінші дозасын салдырып үлгерген. 

06 қазан 2021 ж. 480 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930