Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейде коронавирусқа қарсы қайта вакциналау басталды

Ресейде коронавирусқа қарсы қайта вакциналау басталды

Ресей өңірлерінде коронавирус инфекциясына қарсы қайта вакциналау, сонымен қатар COVID-19-бен ауырып шыққандарға екпе салу басталды. Бұл туралы РФ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі журналистерге сәрсенбі күні мәлімдеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі «COVID-19-ға қарсы ересектерді вакциналауды жүргізу тәртібі» уақытша әдістемелік ұсынымдарын бекітті. Өңірлерде ревакцинация және ауырып шыққандарға екпе салу басталды», делінген хабарламада.

Ұсынымдарға сәйкес, азаматтар елде тіркелген кез келген вакциналық препаратты ектіре алады. Дегенмен бірінші дозаны салдырғаннан кейін науқаста жағымсыз әсерлер пайда болса, оның қалауымен, қарсылықтар болмаған жағдайда, вакцинаны алмастыруға мүмкіндік беріледі. Атап өтілгендей, РФ-да ұжымдық иммунитет керекті деңгейде қалыптаспайынша, қайта вакциналау немесе ауырып шыққаннан кейін жарты жыл өткен соң екпе салуға кеңес беріледі. Бұл кезең «шұғыл вакциналау» деп аталады.
Ұжымдық иммунитеттің мақсатты деңгейіне жеткеннен кейін «қалыпты вакциналауға» көшу жүзеге аспақ. Ол жоспарлы түрде жазылып шыққаннан немесе қайта вакциналаудан кейін 12 ай өткен соң егуді көздейді.





01 шілде 2021 ж. 1 094 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 241

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 132

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031