Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Ең өркениетті елдер қатарында Қазақстан нешінші орында?

Ең өркениетті елдер қатарында Қазақстан нешінші орында?

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) адам дамуының ең жоғары деңгейіне ие елдердің рейтингісін ұсынды. «Адам дамуының көрсеткіштері мен индексі» атты баяндама БҰҰ-ның ресми парақшасында жарияланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Аталған тізімге барлығы 189 мемлекет кірді. Оның 59-ы жоғары дамыған елдер болса, 38-і даму деңгейі төмен елдер. 2010 жылы осы коэффициент тиісінше 46-49 пайызды құрағанын атап өту керек. Елдер орташа өмір сүру ұзақтығы, орта және күтілетін оқу ұзақтығы және жан басына шаққандағы жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) бойынша бағаланды.
Осы ерекшеліктер бойынша бірінші орынды Норвегия алды. Бұл елде өмір сүру ұзақтығы 82 жылдан асады, білім берудің орташа ұзақтығы 12 жыл болса, ал күтілетін оқу ұзақтығы 18 жылдан сәл төмен. Сонымен бірге, есеп бойынша елдегі ЖҰӨ мөлшері 68 мың доллардан асады.
Сондай-ақ, әлемдегі ең өркениетті елдердің ондығына Швейцария, Австралия, Ирландия, Германия, Исландия, Гонконг, Швеция, Сингапур және Нидерландия кіреді.
Көршілес Ресей бұл тізімде 49-шы орында тұр. Ал, Барбадос пен Иранның ортасында жайғасқан Қазақстан 58-ші орынды иеленді. БҰҰ-ның сарапшылары Қазақстанда өмір сүрудің орташа ұзақтығы 70 жыл деп бағалады. Ал, жан басына шаққандағы өнім ЖҰӨ 22 626 мың долларды құраған.
islam.kz
18 қыркүйек 2018 ж. 1 476 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30