Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ ғалымдары қағаз пернетақта ойлап тапты

АҚШ ғалымдары қағаз пернетақта ойлап тапты

Пердью университетінің (АҚШ) инженерлері қағаздан пернетақта жасап шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Good News Network сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдар жаңа технология қағазды музыкалық плеердің интерфейсіне айналдыруға мүмкіндік беретін айтады.
"Біз қағаз су мен майды сіңірмейтін, шаңды жуытпайтын жаңа әдіс ойлап таптық. Біз қағазды жоғары фторланған молекулалармен жаптық. Бұл жабын бізге қағаздың бірнеше қабатын басып шығаруға мүмкіндік береді. Яғни қағазды шығарған кезде сия оған жұқпайды", - дейді ғалым Рамсес Мартинес.
Сондай-ақ, ол қағаз пернетақтаны пайдаланған кезде ол өздігінен энергия алатынын жеткізді. Мартинестің айтуынша, адамдар "пернені" басқан кезде сигнал ноутбукке сымсыз арна арқылы беріледі.
Ғалымдар мұндай пернетақта өте ыңғайлы, пайдалануға жеңіл екенін атап өтті. Қағаз су өткізбейді, әрі оны қоқысқа тастаған кезде ол қоршаған ортаға зиянын тигізбейді.
Қазіргі таңда қағаз пернетақтаның нақты бағасы белгісіз. Ғалымдар оның құны 0,25 доллардан (106 тенге) аспайтынын айтады.
[video=]
11 қыркүйек 2020 ж. 801 0

2026 жылы зейнетақы 10%-ға өседі

22 желтоқсан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031