Татуировка салдырғандар қан тапсыра ала ма?
Донор ретінде қан тапсырудың маңызы зор. Өзге үшін ғана емес, өзің үшін де пайдалы. Тұрақты түрде қан тапсыратын адамдар қан тапсырмайтын адамдарға қарағанда инфарктпен 10 есе сирек ауырады. Дегенмен қан тапсырар алдында ескерер ережелер барын да ұмытпаған абзал.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстің 165-бабына сәйкес, 18 жастан асқан дені сау, медициналық тексерістен өткен және қарама-қарсы көрсеткіші жоқ ерікті медициналық мақсаттар үшін қан және оның құрылымдарын тапсыруына донор болады. Ал денесіне сурет салдырған немесе қазіргі жалпақ тілмен айтқанда татуировкасы барлар қан тапсыра ала ма? Бұл сұрақты А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы қан құю бөлмесінің меңгерушісі Тайманова Роза Смайыловнаға қойған едік.
− Татуировкасы бар адамдар қан тапсыра алады. Бірақ оны салдырғаннан кейін 6 ай өтуі керек. Қан сараптамаларында инфекция жоқ болуы тиіс. Себебі татуировка салдырғанда қан арқылы болатын барлық инфекция түрлері жұғуы мүмкін. Денеге суретті салдыру үшін кез келген жерге емес, санитарлық талапты толық сақтайтын, жұмысын сапалы жасайтын салондарға бару керек. Құрылғыларды залалсыздандыру ойдағыдай болмаса, қан арқылы жұғатын АИТВ, гепатит секілді ауру түрлері жұғып кетуі мүмкін, − дейді.
Дәрігер маман айтқандай, денеге сурет салдырғаннан кейін донор болып қан тапсыру үшін біршама уақыт керек. Ол 4 айдан 1 жылға дейін болуы да мүмкін. Себебі тату салдырғанда қанға инфекция түсу қаупі бар. Мысалы АИТБ (адамның иммун тапшылығы вирусы) дерті ағзада 5-6 ай бойы сезілмеуі мүмкін. Сондықтан да өзгелер жұқтырмау қаупі алдын ала ескеріледі.
Қан тапсырар алдында нені білу керек?
ҚР ДСМ бұйрығы негізінде донорларды қабылдау жеке басын куәландыратын құжаттар немесе мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін әскери есепке алу құжаты болған кезде ғана жүзеге асырылады. Донордың салмағы кемінде 55 кило болуы тиіс.
Донациялау күндері және қан және оның компоненттерін тапсыру күнінен бір күн бұрын донорларға:
− майлы, қуырылған, ащы, сүрленген тағамдар, сүт өнімдерін жеуге,
− процедураға дейін екі тәулік бұрын ішімдік ішуге,
− процедураға дейін үш тәулік бұрын аспирин, анальгин, құрамында анальгетиктер бар басқа да препараттарды қабылдауға,
− процедураға дейін кемінде 1 сағат бұрын темекі шегуге болмайды.
Донор бұрыннан бар немесе ауырған аурулары туралы, сондай-ақ есірткі затттары, психотроптық заттар және прекурсорларды пайдалану туралы мәліметтердің барлығын хабарлауға міндетті.
Донор ақысыз түрде немесе белгілі бір төлем үшін қан тапсыра алады. Қан тапсырар алдында донор міндетті тегін медициналық тексерістен өтеді. Донорлық қызметті жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы туралы анықтамалар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін беріледі.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске сәйкес, медициналық тексеріс және қан мен оның компоненттерін тапсыру күндері, донор болып табылатын қызметкер орташа еңбекақының сақталуымен жұмыстан босатылады. Донорлық функцияны жүзеге асыратын донор орташа еңбекақының сақталуымен қосымша бір демалыс күн тегін алады. Егер донор жұмыс берушімен келіскеннен кейін қалауы бойынша жұмысқа кіріссе, басқа күн беріледі немесе бұл күн қалауы бойынша жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін.
Егер донор әскери қызметкер болса, қан тапсырған күндері жасақтан, вахтадан және қызметтің басқа нысандарын атқарудан босатылады, ал студенттер, оқушылар оқудан босатылады.
Донорлық қызметті тегін жүзеге асыратын донор қан тапсырғаннан кейін ағзадағы энергия шығындары мен өз қанының көлемін толықтыру үшін таңдау бойынша тегін тамақ немесе оның ҚР Үкіметімен белгіленген 0,25 АЕК мөлшерінде оның ақшалай баламасын алады.
Кімдерге донор ретінде қан тапсыруға болмайды?
• Инфекциялық аурулар: В және С гепатиті, АИТВ инфекциясы, ЖИТС, сифилис, туберкулез (барлық түрлері), туляремия, бөртпесүзек, лепра, В, С, АИТВ 1,2 вирустық гепатиттерінің маркерлеріне зерттеулердің оң нәтижесі, мерез;
• Инъекциялық есірткі тұтынушылары;
• Паразиттік аурулар: эхинококкоз, токсоплазмоз, трипаносомоз, филяриатоз, ришта, лейшманиоз.
• Жіті трансфузиялық кеуекті энцефалопатиялар (бұдан әрі−ЖТКЭ): Куру, Крейтцфельд Якоб ауруы, Гертсманн-Штреуслер синдромы, отбасылық анамнезде (ЖТКЭ барлығы), амиотрофикалық лейкоспонгиоз;
• Анамнезінде адам гипофизі, өсу гормондары препараттарымен емделгені туралы ақпараты бар адамдар;
• Жүрек-қантамыры аурулары: II-III деңгейдегі гипертензиялық ауру, жүректің ишемиялық ауруы, атеросклероз; атеросклеротикалық кардиосклероз; облитерациялайтын эндартерит, ерекше емес аортоартрит, қайталанба тромбофлебит, эндокордиттер, миокардиттер, жүрек кемістігі (тұқым қуалаған және жүре пайда болған).
• Декомпенсация кезеңінде тыныстық жетіспеушілік белгілері бар тыныс алу мүшелерінің аурулары;
• Бауырдың созылмалы аурулары гепатиттер, соның ішінде уыттық анықсыз этиологияда, бауыр циррозы;
• Бүйрек және зәр жүру жолдарының декомпенсация кезеңіндегі аурулары;
• Функция мен зат алмасуының қайтымсыз бұзылуы кезіндегі эндокринді жүйе ауруы, қант диабеті (инсулинге тәуелді нысаны).
• Орталық жүйке жүйесінің органикалық аурулары;
• Дәнекер тіннің диффузиялық аурулары;
• Сәулелік ауру;
• Көру мүшелерінің аурулары: толық соқырлық;
• Тері аурулары: генерализацияланған псориаз, витилиго, терең микоз;
• Отоларингологиялық мүшелерінің аурулары: озена, күрделі ағындағы созылмалы ірің-қабыну аурулары;
• Қатерлі ісіктер және қан аурулары;
• Қолы немесе аяғынан айырылу, паренхиматозды және/немесе қуыс ағза немесе мүше (бауыр, бүйрек, өкпе, асқазан) бөлігін алумен жүргізілген операциялар;
• Созылмалы және жіті остеомелит;
• Ағзаларды трансплантациялау;
• Психикалық ауытқулар және мінез-құлық ауытқулары;
• Есту мен сөйлеуден толық айырылу;
• Анемнездегі анафилаксия расталған тұлғалар;
• Бір ағзадан артық зақымдалған аутоиммундық аурулар;
• Белгіленген генетикалық аурулар;
Кімдер уақытша тапсыра алмайды?
1. Гемотранмиссиялық инфекцияларды жұқтыру факторлары:
• Қан мен оның компоненттерінің трансфузиясы (күйік реконвалесценттер және резус факторға иммундалған тұлғаларды қоспағанда) – 12 ай.
• Операциялық араласулар, оның ішінде түсіктер, аппендэктомия, холецистэктомия, репродуктивтік жүйе мүшелері және амблуториялық хирургия − 4 ай.
• Аллогендік қанның сілімейлі қабаққа түсуі немесе инъекциялық инемен укол алғандар – 4 ай.
• Аллогендік дің жасушаларын енгізу – 4 ай.
• Мөлдікқабықты, мидың қатты қабатын ауыстыру – 4 ай.
• Акупунктура, татуировка және пирсинг – 4 ай.
• В және С гепатитін жұқтырғандармен тұрмыстық байланыста болғандар (донор сөздерінен анықталады) – 6 ай.
• А гепатитін жұқтырғандармен тұрмыстық байланыста болғандар (донор сөздерінен анықталады) – 35 күн.
• Қан құю жолымен таралатын аурулар бойынша эндемикалық болып табылатын, тропикалық және субтропикалық климаттық елдерде (Азия, Африка, Оңтүстік және Орталық Америка) 4 айдан астам уақыт болғандар – безгекке тестілеу нәтижесі теріс болғанда донациялауға қатыстыру 4 айдан кейін.
• Тіс экстракциясы – асқынулар жоқ болса – 10 күн, (кездейсоқ бактериемия тәуекелі салдарынан) күрделі асқынулар жоқ болғанда
• Тәуекел нысандағы мінез-құлықтың дәлелденбеген фактілері − сексуалдық қызметтер көрсету, ретсіз жыныс қатынастарына түсу − 4 ай.
2. Ауырған аурулар және вакцинациялар:
• Безгек − клиникалық және зертханалық толық сауығу сәтінен бастап 4 ай.
• Сауығу.
• Сарып (зерттеудің зертханалық әдістерімен расталған) − клиникалық және зертханалық толық сауығу сәтінен бастап 2 жыл.
• Ішсүзек − айқын функционалдық бұзылулар болмаса, клиникалық және зертханалық толық сауығу сәтінен бастап 1 жыл.
• Ангина − сауығу кезінен бастап 1 ай.
• Тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекцияСауығып, өзін− өзі қанағаттанарлық сезінгенде − 2 апта.
• Тұрақты шектеулер өлшемдеріне жатпайтын инфекциялық аурулар − жазылғаннан бастап 6 ай.
• Орналасуына қарамастан шиеленісу кезеңіндегі жіті және созылмалы аурулар − жазылғаннан бастап немесе жедел уақытысы өткеннен соң 1 ай.
• Жіті гломерулонефрит − расталған толық жазулудан кейін 5 жыл.
• Шиеленісу фазасындағы аллергиялық аурулар − шиеленісу мерзімі басылғаннан кейін 2 ай.
• Вегеттық-тамырлық дистония − емделуден кейін 1 ай.
• Q-қызбасы − толық клиникалык жазылғаннан соң 2 жыл.
• Жүктілік және бала емізу кезеңі − босанғаннан соң 1 жыл.
• Өлтірілген вакцинамен (В гепатиті, көк жөтел, паратифтер, тұмау, анатоксиндер, сіреспе, дифтерия және тағы да басқалары) егу алғандар − 2 апта.
• Тірі вакцинамен (сарып, оба, туляремия,туберкулез, қызылша, эпидемиялық паротит, ішсүзекке қарсы тірі бәсендетілген вакцина, сіріспеге қарсы тірі бәсендетілген вакцина, полиомиелит және тағы басқалары) егу алғандар – 4 апта.
• Құтыршақ ауруына, кене энцефалитіне қарсы вакцина − жұқтыру көзімен байланысқа түскеннен кейін 1 жыл.
• Манту реакциясы (егілген орынының айқын қабыну белгілері болмағанда) − 2 апта.
3. Көңіл− күйі себебінен және өзге де факторлар бойынша терапевттің шеттетуі:
• Ішімдікті қабылдау − 48 сағат.
• Антибиотик қабылдау − қабылдап болғаннан соң 2 апта.
• Анальгетиктер, салицилаттарды қабылдау − қабылдап болғаннан соң 3 күн.
• Тамыр соғуының жиілігі минутына 50− ден кем және 100− ден артық соққы, аритмия − 48 сағат.
• Систоликалық қысымы сынап бағанының (бұдан әрі – сын. бағ.мм) 180 миллиметрінен артық немесе сын. бағ. 100 мм кем − 48 сағат.
• Диастоликалық қысымы сын. бағ. 100 мм. артық немесе бағ.сын. 60 мм кем − 48 сағат.
• Дене қызуы 38 градустан артық болғанда − 2 апта.
• Қанды тапсыру алдында түнгі ауысымдағы жұмыс − 24 сағат.
massaget.kz