Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мархабат Жайымбетов: биылғы жолдау – Қазақстанды жаңа дәуірге бастайтын стратегиялық бағдар

Мархабат Жайымбетов: биылғы жолдау – Қазақстанды жаңа дәуірге бастайтын стратегиялық бағдар

Депутат президенттің жолдауын өте жоғары бағалайтынын айтты
Мархабат Жайымбетов: биылғы жолдау – Қазақстанды жаңа дәуірге бастайтын стратегиялық бағдар
Фото: primeminister.kz
Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Депутаттың пікірінше, биылғы жолдау елдің болашақ даму бағытын айқындап, жаңа тарихи кезеңнің бастауы болып отыр. Президент Қазақстанның өркендеу жолын жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға негіздеу қажеттігін атап өтті. Осы мақсатта Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құруды және Цифрлық кодексті қабылдау ұсынды. Жайымбетовтің айтуынша, қазір заң жобасы Мәжілістің қарауында жатыр. Алдағы уақытта депутаттар мен сарапшылардың, қоғам өкілдерінің қатысуымен ауқымды талқылаулар өтеді.
«Ең алдымен, жасанды интеллект пен цифрлық шешімдер ел дамуының негізгі өзегіне айналмақ. Кодекс үлкен деректерді, платформа экономикасын, жаңа технологияларды реттеп, инновациялық шешімдерге жол ашуға бағытталған нақты қадам. Мемлекеттік басқару жүйесі заман талабына сай қайта құрылып, ашықтық пен тиімділік жаңа деңгейге көтеріледі. Сонымен қатар экономиканы әртараптандыру басты бағыт ретінде айқындалып отыр. Жаңа өндіріс орындарын ашу, жоғары технологиялық жобаларды қолдау, мұнай-газ және металлургия саласында терең өңдеуді дамыту міндеттері қойылды. Инвестиция тарту саясаты қайта қаралып, өңірлердің тартымдылығы арнайы индекс арқылы бағаланады», - дейді мәжілісмен.
Жолдауда ауыл шаруашылығы саласына да заманауи технологиялар енгізу көзделген. Жерді тиімді пайдалану үшін спутниктік мониторинг пен жасанды интеллект қолданылады. Бірыңғай цифрлық жер картасы жасалып, барлық процес ашық әрі әділ жүргізіледі.
Жайымбетовтің айтуынша, Қазақстанның географиялық артықшылықтарын тиімді пайдалану үшін көлік-логистика саласы жаңаша дамиды. Дәлірек айтқанда, «Солтүстік - Оңтүстік», «Шығыс - Батыс» және Транскаспий дәліздері елімізді Еуразия құрлығындағы басты транзиттік орталыққа айналдыруға бағытталған. Бұл халықаралық саудада Қазақстанның орнын күшейтетін маңызды бастама, деп санайды ол.
Сонымен қатар негізгі дәліздер аясында автомобиль жолдарын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр.
«Қазір елімізде 13 мың шақырым автокөлік жолы салынып, жөнделіп жатыр. Жол салу барысында транзиттік дәліздердің мән-маңызына айрықша назар аудару қажет екені айтылды. «Сексеуіл–Бейнеу» жолының құрылысы жүк тасымалдау уақытын үштен бірге қысқартып, Қазақстанды Қытай мен Еуропаны жалғаған басты көпірге айналдырады. Бұдан бөлек көлік жүйесін басқарудың жаңа үлгісі жасалуы тиіс, себебі мемлекет инвестициясының экономикалық қайтарымы нақты болуы қажет. Контейнерлік тасымалды дамыту да өзекті. Бүгінгі таңда әлемде құрлық арқылы тасымалданатын жүктің 16%-дан астамы контейнермен жеткізіледі, ал Қазақстандағы үлесі небәрі 7% шамасында», - дейді депутат.
Биылғы жолдауда туризм саласы да назардан тыс қалмады. Әсіресе Алматы облысындағы тау туризмі мен тау шаңғысы курорттары Қазақстанның халықаралық брендіне айналуға тиіс. Осы бағытта аймақтардың жауапкершілігі артып, туристік инфрақұрылым сапасына ерекше көңіл бөлінбек.
«Президент көтерген тағы бір маңызды мәселе – әуе жүк тасымалын ұлғайту. Бүгінгі таңда электронды сауда-саттық пен озық технологиялық өнімдердің саудасы қарқынды дамып отырғандықтан, әуе тасымалы сұранысқа ие әрі табысты бағыт болып саналады. Осы ретте Сыр өңірінде заманауи жаңа әуежайдың құрылысы жүзеге асырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен халықаралық стандарттарға сай салынған әуежай терминалы қызылордалықтарға қолайлы жағдай туғызып отыр. Жоба құны 35 миллион АҚШ долларын құрайды, қаржы толықтай жеке инвестордың есебінен жұмсалды. Бұл бастама облыстың дамуына тың серпін беріп, туризмді өркендетуге, жаңа инвестициялар тартуға жол ашты», - дейді мәжілісмен.
Жайымбетов президент халыққа арнаған жолдауында бір палаталы парламент құру туралы бастама көтергенін және ол 2027 жылы бүкілхалықтық референдум арқылы шешілетінін атап өткенін еске салды.
«Мен мемлекет басшысының жолдауын өте жоғары бағалаймын. Президенттің жолдауы – Қазақстанды жаңа дәуірге бастайтын стратегиялық бағдар. Жасанды интеллект, цифрландыру және инновациялар – тек экономикалық өсімнің құралы емес, ұлттық болмыстың жаңа арқауы. Әділдікке, білім мен еңбекке сүйенген қуатты мемлекет құру – жаңа Қазақстанның басты мұраты»,- деп пікір білдірді депутат.
Оның айтуынша, қазір қабылданған шешімдер болашақ ұрпақтың тағдырын айқындайды.
«Еліміз әлемдік бәсекеде өз орнын нығайтып, әрбір азаматқа жаңа мүмкіндіктер сыйлайтын мемлекетке айналуға ұмтылып жатыр.  Осы жолда халықтың татулығы мен ынтымағы бәрінен қымбат. Бірлік бар жерде – тірлік бар. Елдің берекесі жарасып, ортақ мақсат жолында жұмылған кезде ғана Қазақстан кемел келешекке қадам басады», - деп түйіндеді Жайымбетов.



11 қыркүйек 2025 ж. 176 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930