Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде баспана бағасы бір жылда қымбаттап кеткен

Елімізде баспана бағасы бір жылда қымбаттап кеткен

Сурет: freepik.com
Қазақстанда бір жыл ішінде жаңа тұрғын үйлердің бағасы өскен.
Жаңа тұрғын үйлердің бағасы бір жылда 11,3%-ке қымбаттаған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

2025 жылдың тамызында былтырғы жылдың тамызымен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 11,3%, қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы 8,8% жоғарылады. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 8,5% артты.

Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер:

Павлодар қаласында – 25,8%,
Қызылорда, Алматы қалаларында – 15,3%,
Шымкент қаласында 14,8%-ға қымбаттады.
«Қолданыстағы пәтер нарығында бағаның ең жоғары өсімі Ақтөбе қаласы (20,2%), Павлодар қаласы (17,8%), Алматы қаласы (16,6%), тұрғын үйді жалға алу нарығында – Ақтөбе қаласы (43,5%), Көкшетау қаласы (21%), Жезқазған қаласында (20,2%) тіркелген», - деп жазылған хабарламада.

2025 жылғы шілдемен салыстырғанда жаңа тұрғын үйді сату бағасы 1,9%, пәтерлерді қайта сату 1,2% өссе, тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,7% қымбаттады.

Биыл тамыз айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 41 380 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша – 8 527 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша – 32 853 мәміле жасалды.

2025 жылғы шілдемен салыстырғанда (39 742) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 4,1%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша:

Астана (9 457– 22,9%),

Алматы (8 402 – 20,3%),

Қарағанды облысы (2 923 – 7,1%) көш бастап тұр.

Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 283 мәміле (0,7%).
11 қыркүйек 2025 ж. 125 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930