Адам қартайғанда неге өкінетінін білесіз бе?
Белгілі режиссер, сценарист әрі актер Диас Азімжан адамдардың қартайғанда неге өкінетінін айтып берді.
Кино саласының дамуына сүбеліс үлес қосып жүрген шығармашыл жігіт бұл туралы ойын Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
"Түрлі елдерде жиі Өкініш рейтингтері жасалып тұрады. 70, 80, 90 жастағы адамдардан өмірінің соңында "бәрінен бұрын неге қаттырақ өкінесіз" деп сұралатын көрінеді. Ұзақ жылғы сауалнама барысында адамдардың басым көпшілігі төрт жағдайда өкінетіні байқалған.
Бірінші орын. Өмірін өзіне ұнамайтын жұмысқа арнағаны үшін өкінетінін айтқан. Олардың сүйікті іспен шұғылдануына бағыттың жоқтығы мен сенімсіздік кедергі болған.
Екінші орын. Жауап берушілердің біразы жақындарына аз уақыт бөлгеніне өкініш білдірген. Бұлар сүйікті адамдарына қамқорлық пен көңіл білдіре алмағанын, ең қажетті уақытта қастарында болмағанына бола өзіне көңілі толмайды.
Үшінші орын. Бұл сатыға өзінің тәніне немқұрайлы қарағаны үшін өкінетіндер жайғасқан. Олар дұрыс тамақтанбағанына, спортпен шұғылданбағанына, алкоголь темекі сияқты зияды әдетке үйір болғанына ренжулі.
Төртінші орын. Әлемді аралап, саяхаттамағанына өкінетіндер. Бір қызығы бірде-бір жан көлігі, айфоны, қымбат туфлиі болмағаны үшін өкініш білдірмеген.
Бірде-бір адам "түнгі клубқа жиі бара алмадым", "бос мылжыңдай алмадым" демеген көрінеді. Барлығының өкінетіні бір ғана нәрсе – өзі қалағандай өмір сүруге батылының жетпеуі", - деді Диас Әзімжан.