Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайрат Әділгерей өзін неге жек көрген?

Қайрат Әділгерей өзін неге жек көрген?

Қазақстандық әзілкеш, танымал тележүргізуші, актер Қайрат Әділгерей өзі неге жек көргендігі жөніде айтты. Бұл туралы өнер иесі «ZhenisShow» бағдарламасында айтып берді.

Бұл күйді ол "Түнгі студияға" бағдарламасын алғаш жүргізгенде басынан кешірген.

"Бірінші бағдарламада өзімді жек көрдім. Аузымнан шыққан сөздер үйлеспейді. Көңілім толмайды. Өйткені, мен өзім сол бағдарламаға жету үшін жылжарым армандағанмын. "Неге мені қонақ ретінде шақырмайды" деп ойладым. Тіпті, мақсат қойдым. Неше түрлі адамдарға шықтым. "Түнгі студияға шақыра алады ма мені?" деп. Өтпеді. Кейін сенбілік шоудан кейін шақырды. Бақыт Тұрманды ертіп бардық.

Енді күнде көріп жүрген бағдарламада мен шығып, «біз бастаймыз» дегенде өзімді жеккөрінішті сезіндім. Шынымды айтайын, «менікі емес, неге келістім?» деген ойлар болды. Қорқыныш қой. Бірінші бағдарлама тәлтіректеп, жаңа туған бұзаудай болдық. Үшінші бағдарламада арқам төселіп алған, Баян Мақсатқызы келді. Содан кеттік қой.

Бірақ, өтірік емес, бастапқы алты ай әрбір эфир мен желідегі өз жазбаларымның астындағы пікірлерді оқымадым. Кез келген адамның сөзі мені сындырып тастайтындай болды"
, – деді әзілкеш.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
07 тамыз 2019 ж. 2 306 0

Бәрі бала болашағы үшін

12 сәуір 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930