Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстан өзбектерді елге шақырып жатыр

Өзбекстан өзбектерді елге шақырып жатыр

Өзбекстан түрлі елдердегі қиын жағдайға тап болған 11 мыңға жуық азаматтарын шетелден қайтаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы 7 мамырда президент Шавкат Мирзиёев бейне конференцияда мәлімдеді.
«Әлемнің көптеген елдерінде Өзбекстан азаматтары қалғанын барлығы біледі. Енді жүйелі негізде, мүмкіндіктерге сүйене отырып, біз оларды қайтаруымыз керек. Біз оларды Ресейден, Түркиядан, Дубайдан және басқа жерлерден қайтара бастадық. Қазір біздің қолдағы деректер бойынша 11 мың өзбекстандық шет елдерде қиындықпен бетпе-бет қалып отыр. Біз оларды алдымен қайтару үшін барлық шараларды қолданамыз. Келушілер арасында аурудың көптеген жағдайлары тіркелгенін барлығы білуі керек. Осыны ескере отырып, біз өте сақ болуымыз керек», деді Мемлекет басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының соңында Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау инспекциясының басшысы Нұрмат Отабеков күн сайын Өзбекстанға 500-600 шетелден келіп жатқанын, олардың басым көпшілігі Қазақстан, Қырғызстан және Ауғанстан арқылы келіп жатқанын айтқан. Олардың барлығы елге келген бойда 14 күндік карантинге оқшауланады.
egemen.kz
11 мамыр 2020 ж. 747 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 301

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031