Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Партизандар тағдыры

Партизандар тағдыры

Партизандардың қарапайым әскерден ерекшелігі оның жүрекжұтқан батырлығы мен озық ойлылығында болса керек. Осы кезге дейін көптеген елдер партизан отрядтарын құрып, оларды жау қолына өткен жерлерді барлауға, қорғауға, босатуға немесе жау әскеріне үрей тудыру мақсатында пайдаланған. Сондай-ақ жау шебіне тұтқиылдан шабуыл жасап, айтарлықтай шығынға ұшырату да осы топтың өкілетіндегі іске жатады. Сол арқылы қарсы тарапты соғыс техникаларынан айырып, олардың осал тұсын зерттеуде де партизандықтардың берері мол болды. Нәтижесінде 1941 жылы 29 маусымда КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі мен Большевиктер Бүкілодақтық Коммунистік партиясы Орталық Комитеті жау әскерінің бөлімшелеріне қарсы күресу үшін жаулап алған аудандарда партизан отрядтары мен диверсиялық топтарды құру қажеттілігі туралы нұсқау берді.
Ұлы Отан соғысы кезінде қазақстандықтар майданда ғана емес, сонымен қатар жау шебінің ортасында да асқан ерлікпен шайқасқанын білеміз. Олар сол кездегі Кеңес үкіметінің құрамына кіретін басқа да ұлт өкілдерімен бірге уақытша жау қолына өткен аумақтардағы партизандық қозғалысқа қатысты. Мұрағатта Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында 1500 адам, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ соғысқан. Смоленск облысында 15 партизан бригадасы мен отрядтарында 300-ге жуық ержүрек қазақ сарбаздары шайқасты. 1500-ден астам қазақстандық стендтер Беларуссияның әртүрлі аймақтарында жұмыс істейтін 65 партизан бригадалары мен отрядтарының құрамына кірді. Жалпы соғыс жылдарында партизандық қозғалысқа қатысқан қазақстандықтардың саны 3,5 мыңға жетіп артылады. Олардың ішінде Ғалым Ахмедьяров, Сәтімбек Тулешев, Ғалым Омаров, Нұрым Садықов, Қасым Қайсеновтердің есімі көпшілікке кеңінен танылды. Сонымен бірге кек алушылардың арасында Нұрғаным Байсейітова, Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Ақаділова сияқты қазақтың қаракөздері жанқиярлықпен шайқасқаны белгілі.
Қазақ партизандарының солтүстік Италияны азат ету операциясына қатысқаны бүгінде көп айтыла бермейді. Бұл 1945 жылы соғыс аяқталуына аз уақыт қалғанда басталды. Бүгінде көне құрлыққа қазақ елінен барған мерген Арысбай Мокош пен оның үзеңгелесі Исан Тұрсыновтың есімдері белгілі болып, суреттері сақталған. Өйткені олар сол тұста “Ержүрек” лақап атымен таныс командир Лино Вескидің жеке құрамында соғысқан. Ал италиялық тарихшылар бір ғана Триесте қаласында 28 қазақ жауынгерінің жерленгенін айтып отыр. Турин қаласында тағы үшеуінің қорымы бар. Сарапшылардың пікірінше, онда кемінде екі жүз қазақстандық болды. Оның біразы Италиядағы бұқаралық қабірлерге жерленіп, қалғаны Отанына оралған.
Кеңес азаматтарының Италиядан бір-ақ шығуының бірнеше себептері болды. Олар негізінен тұтқынға алынғандар еді. Немістер оларды Шығыс Еуропа аймақтарындағы тыл жұмыстарынан алып, Италияның солтүстігінде «өлім лагерлеріне» жөнелтіп отырды. Бірақ кейбіреулер қашып құтылып, итальяндық партизан отрядтарына қосылған. Мәселен, “Гарибалдия” партизан батальонында 1500 кеңес азаматы болғаны туралы дерек бар.
Орта Азия мен Кавказдан келген иммигранттар да Италиядағы Түркістан легионының құрамына қосылды. Бұл Вермахттың Орталық Азия елдеріндегі түркі халықтарының өкілдерінен құрған «шығыс легиондарының» бірі. Оның негізгі бөлігі Қызыл Армияның әскери тұтқындары, сондай-ақ эмигранттар мен босқындардан тұрды. Бұл сарбаздар ерікті емес еді. Сондықтан олар жоғары мәртебеге ие болған жоқ.
Соғыс жылдарында легионерлердің неміс әскерлеріне шабуыл жасауының көптеген оқиғалары тіркелді. Түркістандықтар өз командирлерін – неміс офицерлерін өлтірді және фашистерге қарсы шайқаста қарсылық көрсетті. Сонымен қатар партизандарға қашып, Қызыл Армияға оралды. Жоғарыда аталған қазақ сарбаздары да солармен тізе қосып, асқан ержүректілікпен шайқасты. Жыл өткен сайын басқа да қазақ партизандарының есімдері зерттеліп, анықталуда.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
05 мамыр 2020 ж. 1 933 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 57

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 50

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930