Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жазда маса мазаламасын десеңіз, мына бөлме гүлін өсіріңіз

Жазда маса мазаламасын десеңіз, мына бөлме гүлін өсіріңіз

Масалар температурасы жоғары адамдарға "қызығады".
Біраз уақыт бұрын суықтан қорғанып есік-терезені қымтап жауып, жылыта алмай әлек болған едік. Енді міне, жадыраған жаз да жетіп, есік-терезені күндіз-түні ашып қойып, салқын ауамен тыныстағымыз келеді. Алайда осынау рахатты, түн ұйқымызды бұзатын, ызыңдап келіп шағып кететін мазаны алатын маса деген кішкентай жәндікпен алысатын мезгіл келді. Олардан қалай құтылуға болады? Қалай күресе аламыз?

МАСА КІМДЕРДІ ШАҒАДЫ?
Басқа қан топтарына қарағанда, бірінші қан тобындағы адамдар масаға көбірек таланса, одан кейінгі орында үшінші топтағылар тұр. Жүкті әйелдер де масаға көбірек таланатындар қатарына жатады. Адамдардың 85 пайызы масаларға өздері туралы мәлімет береді екен. Сонымен қатар масалар өз құрбандарын тыныс алған кезде бөлініп шығатын көмірқышқыл газы арқылы іздеп табуға қабілетті. Ауыз қуысының ерекше құрылысының арқасында көмірқышқыл газын 50 метр жерден сезеді. Балалар көмірқышқыл газын үлкендерден аз мөлшерде талап ететіндіктен масалардың назарына ілікпей азырақ таланады. Масаларды температурасы жоғары адамдар қызықтырады. Сол себепті физикалық жаттығулар жасайтын адам массаларды өзіне көбірек тарта түседі. Тағы бір ғалымдар анықтаған қызықты жайт - масалардың шағуына терідегі бактериялар да әсер ететіні. Масалар бактериялар аз орналасқан жерлерге жоламайды. Сондықтан олар үнемі тобықтың айналасын, балтырдың төменгі жағын шағады екен. Масалар иіс сезу мүшелерімен қатар көру мүшелерін де жақсы пайдаланады екен. Егер қара, көк, қызыл киімдер киіп жүрген болсаңыз, олар сізді бірден тауып алады. Маса шақққаннан кейін тек жағымсыз әсер ғана емес, сондай-ақ, кейде алерргиялық асқынулар мен ісік пайда болады. Масалар түрлі инфекциялық ауруларды тасымалдаушы ретінде де қауіпті.

Масалар қайдан пайда болады:
Бұл жәндіктер аса ылғалды жерді ұнатады. Сондықтан үй айналасындағы немесе жертөледегі жиналған суларды құртуға тырысу керек.

Маса шақпасын десеңіз:
Насыбайгүл (базилик), эвкалипт, қалампыр, бәден өсімдіктерінің иісінен қашады. Осылардың майын денеңізге жағып қойсаңыз масалар жоламайды.
Бөлме ішіне насыбайгүл мен мойыл жапырақтарын турап қоюға болады.
Түтіннің иісіне масалар жоламайды. Сол себепті жатар алдында бөлмеге арша жағуға болады.

Үйдегі масалардан оңай құтылу жолдары
Бұл ретте бөлме гүлі - герань көп көмектесе алады. Оның өткір иісі масалардың үйге жоламауына басты себеп. Ол үшін бар болғаны ыдыстағы гүлдердің екі-үшеуін ашық тұрған терезе алдына қойсаңыз жеткілікті. Хош иісті эфир майы да бөлмедегі масалардан құтылуға көмектеседі. Майдың бірнеше тамшысын терезе жақтауларына тамызсаңыз болғаны. Сондай-ақ эфир майының орнына душқа арналған гель немесе сусабын (шампунь) пайдалануға болады. Терезе алдына ыдысқа қызанақ көшетін отырғызып қойсаңыз, масадан құлағыңыз да, денеңіз де тыныш болады.

Масаларға арналған "қақпан" жасауға болады
Ол үшін, пластикалық бөтелкені мойнынан сәл төмендеу етіп кесіп алу керек. Астыңғы бөлігіне 200мл ыстық су құйып, оған 2-3 ас қасық шекер және 1 шай қасық ашытқы салып жақсылап араластырамыз. Үстінен кесіп алған бөтелкенің жоғарғы бөлігін аузын төмен қаратып қоямыз. Ол ыдыстағы суға шамалы жетпей тұру керек. Сән үшін бөтелкенің сыртын түсті қағазбен орап қоюға болады. Ашытқының тәттімен аралсқан иісіне келіп бөтелкеге кірген масалар одан қайта шыға алмайды.

Химиялық тәсіл.
Қазіргі масадан құтылу үшін кеңінен пайдаланыатын ең танымал химиялық заттар - Раптор, Москитолл, Фумитокс, Рейд. 
ernur.kz


14 мамыр 2019 ж. 5 295 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930