Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қансорғыш-масалар Ұлыбританияға қауіп төндіруде

Қансорғыш-масалар Ұлыбританияға қауіп төндіруде

Эколог мамандар қазір шұғыл шара қолданып, масаларды өлтірмесе, Ұлыбритания түгелдей зардап шегуі мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі planetanovosti.com сайтына сілтеме жасап.
55 жастағы британиялық әйел қансорғыш-маса шаққаннан кейін өліп қала жаздаған. Бұл масалар елдің басым бөлігіндегі халыққа зиян тигізуде.
Маса әйелді төрт рет шағып алған. Арада бірнеше минут өткенде әйел есінен танып қалған.
Оның күйеуінің айтуынша, зардап шегуші әйелдің тынысы тарылып, бойын әлсіздік билеген. Аяқ-қолы бір-ақ сәтте ісіп кетіп, неке жүзігін шешіп тастауына тура келген. Кейін әйелді оба дертін тасымалдаушы маса шаққаны анықталды.
Экологтар шұғыл шара қолданбаған жағдайда Ұлыбритания тұтастай обадан зардап шегуі мүмкін екенін айтуда. Ғалымдар тиімді вакцина ойлап табуға кірісті.
Маса шаққан әйел бір аптадай ауруханада жатып, ем алған. Осы уақыт аралығында ол үш келі салмақ жоғалтқан. Қазіргі уақытта дәрігерлер оған дәрі-дәрмек беріп, бұрынғы қалпына келтіруге тырысып жатыр.
Вирусты толық өлтіретін дәрі әлі ойлап табылған жоқ.

23 шілде 2018 ж. 2 212 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 88

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 86

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 73

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930