Ғалымдар коронавирус пандемиясының өршуі мүмкін кезеңді атады

2010 жылы ғалымдар жұқтырған кезде жеңіл белгілерді тудыратын төрт коронавирустың (OC43, 229E, HKU1 және NL63) таралуын бақылай бастаған. Қазіргі уақытта мамандар SARS-CoV-2 таралуын бақылап отыр. Коронавирустың көп дерегі желтоқсаннан бастап сәуір-мамыр айларының аралығында тіркелген. Дегенмен вирустың өршуі қаңтар-ақпан айында байқалған. Тек 2,5%-ы ғана маусым мен қыркүйек айларында болған. Маусымдық коронавирустар COVID-19 инфекциясын тудыратын SARS-CoV-2-мен байланысты.
Алайда жаңа коронавирустың дәл осылай әрекет ететін не әрекет етпейтіні әлі белгісіз делінген баспасөз хабарламасында. Айта кетейік, бұған дейін жапондық ғалымдардың COVID-19 инфекциясының белгілерінсіз ауырған адамдардан өкпенің зақымдалуы анықталғанын мәлімдеген еді. Зерттеуге Diamond Princess круиздік лайнерінің 76 жолушысы қатысқан. Оларда ауру белгілері болмағанымен, арасындағы 41 адамның өкпесі зақымдалғаны белгілі болған.