Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Киімге түскен коронавирусты жою жолдары

Киімге түскен коронавирусты жою жолдары

Киімге түскен, жүрген SARS-CoV-2 коронавирус инфекциясын жуып шаю үшін кір жуатын машинаны арнайы режімге қосу керек. Мұны Ресей ғалымдары айтып отыр, деп хабарлайды Lenta.ru.
Новосібір мемлекеттік университетінің биотехнология және вирусология зертханасының жетекшісі Сергей Нетесовтің айтуынша, SARS-CoV пен SARS-CoV-2 коронавирустары бір-біріне туысқан вирустар, демек оларды жою жолдары да бір.
– Екі вирустың геномындағы айырмашылық 20% ғана, вирустың құрылымы мен бөлшектері, ақуыз жиынтығы ортақ. Оларды өлтіру үшін ыстық температурамен бірге кір кетіруге арналған арнайы жуғыш заттар керек. Ондай заттар кез келген кір жуғыш ұнтақта болады. Сондықтан киімді жарты сағат бойы 60 градус ыстық жумен жуса, коронавирусты жоюға болады. Жалпы SARS-CoV-2 инфекциясы ыстық температураны көтере алмайды , – дейді Сергей Нетесов.
Ал дизайнер мамандардың айтуынша, 60 градус ыстық температураны табиғи тері мен мақтадан, зығырдан тігілген киімдер ғана көтере алады. Бұдан басқа материалдан тігілген киімдерді біраз жылы сумен жуып, кейін ыстық бумен ыстаса болады.
Киімдегі коронавирусты жоюдың тағы бір жолы бар: ол – кір киімді 2-3 апта бойы пакетке салып, қол тимейтін жерге қойып тастау. Ауада жүрген коронавирус 2 аптадан кейін өлетіні белгілі. Бастысы осы уақыт ішінде адам ағзасына түсіп кетпеуі тиіс.
Бұған дейін қытай ғалымдары коронавирустың күн ыстықта шыдай алмай, тез өлетінін, ал 4 градус жылы температурада жылдам тарап, 2 апта бойы өлмейтінін айтқан еді. 70 градус ыстықта бес-ақ минут өмір сүреді екен. Яғни, күн ысыған сайын, вирусқа да өмір сүру қиын болмақ.
Ал АҚШ пен швед ғалымдары коронавирустың суық әрі ылғалды ауада тез тарайтынын айтады. Құрғақ ауада жылдам тарай қоймайтынын байқаған.
Коронавирусты қолдан шаюдың ең тиімді жолы - қолды сабынмен көпіртіп жуу.
massaget.kz

03 сәуір 2020 ж. 955 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930