Қыздарының бетіне тату салатын халық жайлы не білеміз
Те Хан Лин есімді фотограф Мьянмаға жасаған саяхатында чин халқының салт-дәстүрін зерттеп, фоторепортаж жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ
Мьянманың биік тауларында әлі күнге дейін бұрынғы варварлық дәстүр бойынша әйелдері жүздерін көріксіз ететін тату жасауға мәжбүр чин халқы мекендейді. 12-14 жастағы қыздардың бетінде де ұсқынсыз сурет салынған. Тату салу бірнеше күнге созылатын көрінеді.
Аңызға сәйкес, қыздарының ажарын бұзу дәстүрі ерте уақытта шыққан. Әулеттің үлкендері қыздарын патша ұрлап, күңдікке салып қояды деп қорыққан екен.
Бұл салт 1960 жылдарға дейін сақталған, кейін ел үкіметі араласып, бұған тыйым салыпты. Алайда бүгінгі күні тыртықпен жүруге мәжбүр жасы үлкен әйел адамдардың түрінен ескі сенімнің көрнекі мысалын көруге болады. Сондай-ақ олар теріні созатын үлкен сырғалар тағады.
Те Хан Лин есімді фотограф Мьянмаға жасаған сапары кезінде репортаж түсірген.
"Мьянмаға саяхаттауды жоспарлау кезінде елдегі тайпаларды зерттеп, чин халқына тап болдым", - дейді ол.
Сарапшылар қыздардың бетіндегі суреттің шығу тарихы және оны жасаудағы түпкі мақсат жайлы алуан пікірді алға тартады. Соның ішінде ақылға қонымдысы – қыздарын ұрылардан қорғау үшін олардың келбетін әдейі бұзған. Кейін бұл дәстүр чин халқы мәдениетінде маңызды тәжірибеге айналған.
Суретте тайпаның аңшылықтағы олжаларының бас сүйектері бейнеленген.
Те Ханның айтуынша, тайпа мүшелері сурет салуға қатысты тыйымға әртүрлі көзқараста болған. Бірі құп көрсе, кейбірі дәстүрді жалғастырған көрінеді.
Тайпаның ұлдары батыстық үлгіде киінген, бұл халықтың мәдениетінде орын алған өзгерістердің нақты белгісі.
Тайпа адамдары фотографқа атам заманғы құралдарды қолдану арқылы күрделі суреттердің қалай салынғанын көрсетті.
"Сия ірі қараның өті, өсімдіктердің және жануарлар майының қоспасынан жасалған. Процестің өзі өте ауыр, әсіресе қабақтың нәзік аймағында және сурет салу күрделілігіне байланысты орташа есеппен бір-екі күн кетеді. Бет кем дегенде екі аптада жазыла бастайды".