Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай 5-ұрпақ ғаламторына қол жеткізбек

Қытай 5-ұрпақ ғаламторына қол жеткізбек

Қытайға жылдам ғаламтор желісін таратумен айналысып жатқан China Unicom компаниясы 2020 жылдың күзіне дейін 5G мобильді байланыс бекеттерін 250 мыңға дейін жеткізбек. Сонда Қытай провинцияларының түгелге жуығы 5-ұрпақ ғаламторына қолы жеткізбек.
Аталмыш компания – Қытайдағы ең ірі байланыс операторы. Бүкіл елге жалғыз өзі шапшаң ғаламтор желісін таратып жатқан компания бұған дейін 5G-ні осы жылдың соңына дейін таратып бітеміз деп жоспарлаған еді. Бірақ ұйымдастыру жұмыстарын тездету арқылы жоспарды үш айға дейін қысқартуды мақсат тұтты.
China Unicom компаниясы басшылығының айтуынша, 5G желісін тарататын инфрақұрылымдарды салу жұмысын жеделдету коронавирустан зиян шеккен қытай экономикасын құлдыратпай, өз деңгейінде сақтап қалуға мүмкіндік бермек.
Қазіргі уақытта 5G желісін тарататын 64 мың бекет салынған. Енді 180 мыңнан астам бекет салынуы керек.
Осы орайда айта кеткен жөн, былтыр Қытайда шығарылған смартфондардың 46 пайызы – 5G желісін көтере алатын смартфондар. Бұл экономикалық жағынан ойластырылған қадам болатын.
Сарапшылардың болжамынша, Қытайдағы коронавирустың таралуына байланысты нарықтағы смартфондардың сатылымы 20 пайызға дейін құлдырауы мүмкін. Бірақ жылдың үшінші кварталынан бастап сатылым қалпына келуі ықтимал. 5G желісі де дәл сол кезде іске қосылмақ.
massaget.kz
25 ақпан 2020 ж. 895 0

Жол уақытша жабылады

20 қазан 2025 ж. 105

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031