Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Байланыс операторларының қызметі ұтымды ма?

Байланыс операторларының қызметі ұтымды ма?

Қазіргі заманда жарыса нарыққа беттеген байланыс операторлары мен тарифтердің санынан көз сүрінетіні анық. «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын» бұл дүниелердің қызмет ету құны кәдімгідей қалтаға салмақ салатыны да жасырын емес. Бірақ қазір қазақстандық блогерлер мен қазақша контенттерді қолдау мақсатында ғаламтор желісін пайдаланушылар үшін түрлі тиімді тарифтік жоспарлар ұсынылуда. Біз бүгін осылардың арасынан бәсекелестікке бел буа кіріскен нағыз тиімді операторды анықтап көрмекпіз.
Ең алдымен еліміздің басым бөлігін жаулап үлгерген Activ операторына тоқталайық. Осы кезге дейін басқаларына қарағанда қызметі қымбатырақ болған бұл оператордың тарифтік бағалары қазір айтарлықтай төмендеген. Бірақ ең арзаны емес. Мәселен, қолжетімді деген «Комфорт М+» тарифы 10 ГБ ғана интернетімен тұтынушыларының көңілінен шықпайды деуге болады. Бірақ жақында ғана тарифтерге қосқан Youtube, Instagram, Whats App желілеріндегі шектеуді алып тастағандықтан бұл олқылықтың орны толғандай болды. Алайда шектеусіз әлеуметтік желілер бұл операторға басқаларынан кеш жеткенін айта кеткен жөн. Активке деген барлық құрметпен, көп адам бұл операторды тек таныстарымен байланыста қалу үшін қолданады деп айта аламыз.
Сары-қара түсті байланыс операторын әріптестері арасындағы ауқаттысы десек болады. Себебі, мұның эконом-классты «Бәрі бар» атты тарифінің өзі 2190 теңге, ең қымбаты 7490 теңгені құрайды. Сәйкесінше біріншісі 12 ГБ берсе, қымбат тариф сізді ғаламтордан мүлде шектемейді. Билайн компаниясының басты артықшылығы жақын шетелмен байланысқа шығудың тиімділігінде. «Бәрі бар» тарифінің өзінде бұл үшін 2 сағаттық тегін лимит бар. Халық арасында билайнның байланыс жоқ жерден сигнал таба алатындығы да көп айтылады.
Теледидарды көп қарайтындар Altel-дің барлық мүмкіндігі мен тиімді тұсын білуі керек. Себебі, жарнама бойынша бұл компанияны басып озар бәсекелес жоқ. Халыққа тиімді қызметтік тарифін ұсыну жөнінен де солай. Қазақстан аумағында таралғанына көп уақыт өтпесе де өзінің мықтылығын дәлелдеп жүрген бұл оператор ең алғаш шектеусіз интернетті өмірге әкелді. Жақында ғана қолданысқа енген ақысыз әлеуметтік желілердің эстафетасын бастағандардың бірі де осы компания. Тағы бір айта кетерлік жайт, енді артық шығындар үшін бұл абонент қолданушылары ақы төлемейді. Яғни тарифті өзіңіз жасап алатын мүмкіндік ұсынып отыр. Ол үшін аталған нөмірдің сайтына кіріп, ГБ, басқа операторларға лимит сияқты функцияларға өзіңізге керекті мөлшерді көрсетіп, есептелген ақыны ғана төлейсіз. Алайда, бұл жаңашылдық сіздің қалтаңыздағы ақшаны анау айтқандай үнемдемейді.
Қарапайым тұтынушы үшін төлемақысы мен қосылған қызметтері жөнінен әзірге ең тиімдісі Тele2 операторы деп сенімді түрде айтуға болады. Бұл компанияның ең арзан «Қосыл» тарифінің өзі 4 ГБ интернет пен лимитсіз WhatsApp мессенджерін ұсынады. Оның үстіне қызметтік құны 1390 теңге ғана. Бұдан бөлек «Толығымен қосыл» тарифі 1790 теңге, «Максимумға қосыл» тарифі 2590 теңге тұрады және танымал әлеуметтік желілердің барлығына шектеу қоймайды. Қызмет көрсету жөніндегі жаңашыл бастамалар мен тиімді ұсыныстары арқылы Теле2 компаниясы еліміздің байланыс нарығын өз қарауына алып үлгерді. Алдағы уақытта да қандай бір жақсы өзгерістерді осы оператордан күтуге болады деп толық сеніммен айта аламыз.
Ұялы телефонның негізгі қызметі – адамдармен хабарласу, хат алысу екенін білеміз. Жұмыс пен күнделікті күйбең тіршілік қажеттілігінен туындайтын мәселелерді шешу барысында бұл дүниенің тигізер көмегі орасан. Бірақ өзге операторларға шектеумен берілетін тарифтер лимиті біткесін компания сіздің есебіңізден табысын одан әрі еселей түсетіні анық. Сол сияқты интернет желісін үздіксіз пайдаланатын 2 миллион қазақстандық бағасының қымбаттығына қарамастан ғаламтордан бас тартпақ емес. Осы ретте әр оператордың өзінше тиімді жақтарын да ескерген жөн. Бастысы нақты қажеттілігіңізді бағалап, қайсысы тиімді екенін білсеңіз, артық шығыннан айналып өте аласыз.
Р.ӘБІЛДА
24 шілде 2018 ж. 2 285 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 53

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930