Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әжіміне қарап адамның қандай екенін білуге болады

Әжіміне қарап адамның қандай екенін білуге болады

Беттегі әжім арқылы адамның мінез-құлық ерекшеліктерін байқауға, айыруға, тануға болатынын ғалымдар дәлелдеген. Біз сіздерге соның кейбір құпияларын ашпақпыз.

Көңілділік - Ауыз бен көз щетінде орналасқан әжім сызықтары көңілді адамдардың мінез-құлқын көрсетеді.
Қорқақтық - Езудің екі жағына тарамдалған әжімдер, өмірде қорған іздейтін қорқақ адамдарға тән.
Қоршаған ортаға мән бере қарайтын адамдар - Өмірде ұсақ-түйекке көп мән беретін адамдардың көзінің айналасына әжімдер үйір-ақ. Оны не болмаса «қаз табан»әжімдер деп те атайды.
Адалдық пен щынайылық - Екі қастың үстіне көлденең түсетін әжімдер, мінезінде адалдық пен тұрақтылығы басым адамдарға тән.
Зиялылық - Екі көздің арасында терең орналасқан әжімдер зиялы адамдарға тән.
Алды-артын байқағыш және кең пейілділік - Алды-артын байыптағыш, мейірімді, кең пейіл адамдардың маңдайына ұзын-ұзын көлденең орналасқан әжімдер толады. Ал алдына қойған мақсатын тындыра алмайтын адамдардың маңдайындағы әжімдері көлденеңнен түскен қысқа және ұсақ болады.
Түңілу - Қатты күйзелістен туатын әжімдер тез жоғалып кетуі де мүмкін ,бірақ уақыт өткен сайын айқын көрінетін болады. Бұл әжімдер мұрынның төменгі жағы мен езудің шетін жайлап жатады. Егер әжімдер ауыздан төмен қарай, яғни иекте орналасса,ол-адамның денсаулығының бұзылғанының белгісі, я болмаса бұл-өмірден түңілген адамға тән әжімдер.
Алаңдаушылық - Бүкіл бетке және екі қастың үстіне қиғаш орналасқан әжімдер мазасыз адамдарға тән.
Ашуланшақтық - Бетінде үшбұрыш кейіпіндегі әжімдер (әсіресе екі әжімнің қосылған тұсы үшкір болса) намысшыл, ашуланшақ адамдарға тән.
Күйгелектік - Өзімізге таныс маңдайдағы үшкір әжімдермен қатар көздің айналасындағы және екі езуден төмен қарай бағытталған әжімдер жүйкесі тозған, жиі мазасызданатын адамдарға тән.
Таңқалу - Көздерінің төменгі жағына көлденең орналасқан адамдарда көбінесе айналасындағы өмір оқиғаларына таң қала қарайтын жандар болып келеді.
Немқұрайлық - Жүзінде әжімі жоқ, бетінің еті бос, екі езуінің тұсында қос сызығы бар адамдар еріншек, айналасына немқұрайлы қарайтын жандар болып келеді.
11 ақпан 2020 ж. 1 027 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930