Бетіңіздегі әжімге қарап та диагноз қоюға болады
Адамның бетіне түскен әжімдер оның жас шамасын аңғартатыны белгілі. Сондай-ақ оған қарап диагноз қоюға да болады екен.
* Көздің қарашығы пошымы мен көлемін үлкейтсе, бұл – миға қан кетуінің белгісі болуы мүмкін. Ал көз бақырайып, жылтырап тұрса, онда адамның қалқанша безінде кінәрат болуы мүмкін.
* Кірпік сирек, жіңішке, әлсіз тартса ағзадағы В витаминдерн тобының жетімсіздігін, иммунитеттің төмендігін көрсетеді. Қараталақта қалыпсыздық пайда болса, гайморит туындаса, адамның көзі жиі суланады.
*Егер ерін жиі көгерсе, ол жүрек жетіспеушілігінен болуы мүмкін. Мұрын «қанаттары» көкшіл-қызғылттанып тұрса, мұрын-ерін ұшындағы сызық салбырап иекке дейін түссе, сол жақ бет суалып, ішке тартып тұрса, бұл да жүректегі қалыпсыздықтан хабар береді.
* Митральды құлақшада қалыпсыздық болса, бет ұшы мен жақта көгілдір-қызғылт рең байқалады. Гипертониямен ауыратын адамда мұрын қызарып, онда ұсақ қызыл тамырлар айқын көрініп тұрады. Самайдағы артерия тамыры анық көрініп тұрса, бет бірден, жиі қызарса, бұл артериялық қан қысымының қалыпсыздығының белгісі, науқасқа гипертониялық кризге ұшырау қаупі төнуі мүмкін.
* Температурасы көтеріліп жатқан баланың бір бетінің ұшы қуарып тұрса, онда пневмония басталып келе жатқанын шамалайды. Кейін тексерулер барысында ол шынында да дұрыс болып шығады. Пневмония аса қатерлі, сол үшін оны дер кезінде анықтап, тезірек емдеу керек болады.
* Жүректің іштен туа ақауы бар балаларда мұрын-иек арасы көгеріңкіреп тұрады. Тәжірибелі педиатрлар бұдан басқа да ерекшеліктер арқылы көптеген аурулар диагнозын бетке қарап шамалай алады.
* Қуарған беттен анемия мен өкпе патологияларын аңғаруға болады. Ал ол сарғайып тұрса, бауыр, қараталақ, өт қабы дерттеріне күдік келтіре аламыз. Әсіресе бауыр қатты бүлінген жағдайда бет ұшының мұрынға тақау тұсында ұсақ тамырлардан «жұлдызша» орын алатыны белгілі.
Маңдай сұп-сұр болса, бұл төмен қан қысымының белгісі. Көз айналасының қызғылт тартуына қарап несеп қабы мен қуықасты безін тексерту керек. Денеде сарғыш қоңыр дақтар көбейсе, бүйректі тексерткен абзал. Бүйрекүсті безіндегі қалыпсыздық терінің қола түстес реңге енуінен білінеді. Туберкулез кезінде тері балауыз түстенеді, беттің қуқылы ерекше айқындалып тұрады. Бет салбырап, жер түстеніп тұрса, бұл ағзадағы қатерлі ісік белгісі болуы мүмкін.
* Егер көз ісіне берсе, онда бүйрек пен жүректі тексерткен дұрыс. Ал егер тек жоғарғы қабақ қана ісіне беретін болса, бұл ми тамырларының склерозынан болуы мүмкін. Бет түгел ісіне берсе, қалқанша безді тексерту керек. Сондай-ақ ол өкпенің созылмалы абструктивті ауруының, астманың, өкпе эмфиземасының, жүрек ауруының көрсеткіші болуы да ықтимал. Асқазан-ішек жолында, лимфа түйіндерінде жайсыздық болса, жақ үсті ғана дөңгелене ісініп тұрады.
* Мұрын ұшы қалыңдаса - асқазанда, ал мұрын қанатында тығыздалу, сулану білінсе, өкпеде жайсыздық орын алған болуы мүмкін. Мұрын ұшы қуаң тартса, ерін кепсе, ауыз ұштары желінсе, бұл гастриттен, асқынған жарасынан белгі береді.
* Инсульт алған адамды бір қабағы немесе ауыз ұшының төмен түсіп тұрғанынан тануға болады. Неврит бет бұлшық еттерінің симметриясыз қозғалысынан, қисаюынан аңғарылады. Гайморитті, аденоиды бар, мұрны қисайған адамның көбіне аузы ашылып жүреді. Төменгі ерін салбырап кетсе, бұл онкологиядан хабар береді.
Тіпті бөртпелерге қарап та біраз нәрсе білуге болады. Егер ол маңайда көбейсе аш ішекте, бетте болса, тоқ ішекте қалыпсыздық бар деген сөз. Ол маңдай мен самайға үйірсектесе, өт қабы мен ұйқы безін тексерту керек. Ал иекте көбейсе, гинекологқа көрінген абзал.
* Аяқтағы қан айналымы бұзылған болса, онда адамның бет ұшында ұзынынан түскен әжім пайда болуы мүмкін. Ал гормондық тепе-теңдік бұзылса, үстіңгі ерінде әжім пайда болады.
* Жас адамдарда әжім мол болатынын көретініміз бар. Ол эндокриндік жүйедегі қалыпсыздық белгісі болуы мүмкін.