Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әжімде астар бар

Әжімде астар бар

Беттегі әжім арқылы адамның мінез-құлық ерекшеліктерін байқауға, айыруға, тануға болатындығы дәлелденген. Біз сіздерге соның кейбір құпияларын айтпақпыз.

Ауыз бен көз шетіне орналасқан әжім сызықтары көңілді адамның мінез құлқын көрсетеді. (Бұл - көңілділік)
Езудің екі жағы тарамдалып орналасқан әжімдер, өмірде қорған іздейтін қорқақ адамдарға тән. (Қорқақтық)
Өмірде ұсақ-түйекке көп мән беретін адамдардың көзінің айналасына әжімдер үйір-ақ, оны не болмаса қаз табан әжімдер деп те атайды. 
Екі қастың үстіне көлденең түскен әжімдер мінезінде адалдық пен тұрақтылығы басым адамдарға тән.
Екі көздің арасында терең орналасқан әжімдер зиялы адамдарға тән.
Алды-артын байыптағыш, мейірімді, кеңпейілді адамдардың маңдайына ұзын-ұзын көлденең орналасқан әжімдер толады.
Ал алдына қойған мақсатын тындыра алмайтын, өсекке жақын жақын адамдардың маңдайындағы әжімдер көлденеңнен түскен қысқа және ұсақ болады.
Қатты күйзелістен туатын әжімдер тез жоғалып кетуі де мүмкін, бірақ уақыт өткен сайын айқын көрінетін болады. Бұл әжімдер мұрынның төменгі жағы мен езудің шетін жайлап жатады. Егер әжімдер аузынан төмен қарай, яғни иектен орналасса, ол - адамның денсаулығының бұзылғандығының белгісі, ия болмаса бұл - өмірден түңілген адамдарға тән. 
Бүкіл бетке және екі қастың үстіне қиғаш орналасқан әжімдер мазасыз адамдарға тән.
Бетінде үшбұрыш кейпіндегі әжім намысшыл, кінәшіл, ашуланшақ адамдарға тән. 
Жүзінде әжімі жоқ, бетінің бұлшық еті бос, екі езуінің тұсында қоссызығы бар адамдар еріншек, айналасына немқұрайлы қарайтын жандар болып келеді.  
28 қазан 2019 ж. 833 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 103

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 100

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 99

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 91

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 169

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930