Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Біз не үшін суретке түсіреміз?

Біз не үшін суретке түсіреміз?

Жыл сайын адам триллионнан астам фотосурет түсіреді. Кейбір адамдар үшін «сурет болмаса, естелік те жоқ» дегенді әзіл деп емес, өмірлік қағидаға айналдырып алғаны жасырын емес. Енді сұрақ: шынымен фотосуреттер біздің естеліктерімізді жарқын ете түсе ме? 2017 жылы Science Of Us (Қазір:thecut.com) порталында фотосуреттердің біздің жадымызға қалай әсер ететіндігі жөнінде бірнеше зерттеу жұмыстары жарыққа шыққан болатын.

Мақалада көрсетілген ең маңызды себептерді біз былайша жіктеміз:
• Фотосуреттер кейбір сәттерді әр бөлшегіне дейін сақтауға мүмкіндік береді. Тіпті, сіздің ол суретке қайта қарауыңыз маңызды емес. Бұндай қорытындыға америкалық ғалымдарға тоқталған: жұмыс нәтижесін Psychological Science журналында жариялаған. Зерттеу жұмысына 294 адам қатысқан: олар аудиогид арқылы этрусктер артефактісі бейнелеген көрмені аралаған. Қатысушылардың жартысы фотоаппарат алған. Оларға тек ең аз дегенде 10 сурет түсіру тапсырылған. Экскурсия аяқталған соң қатысушылардың барлығына көрме туралы сұрақтар қойылған. Нәтижесінде суретке түсірген қатысушылар 7% артық белсенділік танытып, көрмеге қатысты сұрақтарға дұрыс жауап берген.

• Керісінше, өзге зерттеушілер пікірмен келіспейді. 2014 жылы Фэрфилд университетінің психолог маманы Линда Хенкель 27 адамнан мұражайды аралауды талап еткен. Олардың жартысы ғана суретке түсірген. Нәтижесінде қолында камерасы болмаған қатысушылар экспонаттарды жақсы есте сақтаған. Зерттеуші одан бөлек 1960 жылдары пайда болған теорияны есепке алады: адам санасына ақпаратты сақтаудың қажеті жоқ екенін түсінген бойда ұмытады. Хенкель теориясына сүйенсек, егер адамда фото болса, оның санасы ақпаратты «маңызды» деген санаттан шығарып тастайды.

Осыған байланысты психологиядағы мынандай феноменді ұсынамыз: оны ғылымда «когнитивті босату» деп атайды. Ол мидың өзге әрекеттерді пайдалана отырып, өз жұмысын жеңілдетумен түсіндіріледі. Мысалы, дүкенге барарда керекті заттардың тізімін жасайсыз. Есесіне, миыңызға қандай зат керектігін есте сақтау арқылы артық күш түспейді.

• Одан бөлек, Оңтүстік Калифорния Униерситетінің психолог маманы Кристин Дилдің ойынша, фотосурет – когнитивті босатуды іске асыратын құрал емес. Ол да тәжірибе жүргізген. Мұражайға келушілерді үш топқа бөлген: алғашқы екі топқа фотоаппарат берілген. Бірінші топқа фотосуретті сақтау тапсырылса, екіншісіне оны өшіру жүктелген.  Ал, үшінші топ мүлдем суретке түсірмеген. Теория бойынша, суретке түсіріп, оны сақтап қалғандар көрме туралы ақпаратты жадында сақтамауы тиіс болатын: өйткені, бар ақпаратты олар суретке «көшіреді». Дегенмен, нәтиже бойынша үш топтың арасында айтарлық айырмашылық байқалмаған. Дил бұны  мотивация мәселесі бойынша түсіндірді: егер біз ақпаратты қағазға көшіру арқылы, миымызды артық ақпараттан тазартсақ, фотосуретке естеліктерді жадымызда сақтап қалу үшін түсіреміз.

• Тағы бір зерттеу жұмысы кезінде Дил мен әріптестері археологиялық мұражайға келген 51 адамның көру жүйесі арқылы есте сақтау қабілетіне тәжірибе жүргізді. Фотоаппараты бар адамдар экпонаттарды қарауға әлдеқайда ұзақ уақыт жұмсаған. Нәтижесінде фотоға түсірген қатысушылар заттардың әр бөлшегін есте жақсы сақтаған.  Дегенмен, аудиогид айтқан ақпаратты есте сақтау оларға қиынға соққан. Ғалымдардың ойынша, біздің назарымыз шектеулі, егер көзбен көру арқылы есте сақтау жүйесіне көбірек назар аударсақ, өзге сезім жүйесі өз жұмысын белсенді атқара алмайды. Зерттеушілер пікірі осындай, ал сіз не үшін суретке түсіресіз?

10 қаңтар 2019 ж. 1 420 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 76

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930