Құрсағындағы сәбидің жынысын білуге барған әйелдің қазіргі жағдайы қандай?

17 жастағы болашақ ана ультра дыбыстық зерттеу жасатуға барған еді, ол жерде Айаннаны үлкен тосынсый күтіп тұрды. Монитордан баласының бейнесін көрген ол қатты шошып, жан ұшыра айғайлады.
Өйткені бойжеткеннің құрсағындағы сәби бері қарап, зымиян күлкімен күліп тұрғандай көрінген.
Бұрын-соңды мұндайды көрмеген Кэррингтон қатты шошып, баласын "шайтанға" теңейді. Алайда акушер оны тыныштандырып, сәбиінің денсаулығы жақсы және қыз бала екенін айтыпты.
Көп ұзамай америкалық қыз есін жиып, осы бір тосын жайтпен әлеуметтік желіде бөлісті. Оның айтуынша, сәбиін қазірден жақсы көреді, күйеуімен бірге құшағына алғанша асық екен.
"Мұндайды өмірімде көрмеппін, қыз ба, ұл ма – білейін деген едім. Бірақ кім болса да, баламды қатты жақсы көремін", - деп жазды ол.