Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жөтелді бумен емдеу

Жөтелді бумен емдеу

Жөтел кезінде науқастың ауруын жылдам жеңілдету үшін ингаляция жақсы көмектеседі. Кейде ауру басталайын деп тұрғанда бірден ингаляция жасаса, дәрісіз-ақ кетіп қалатын кездер болады. Сонымен қатар, қақырық шығаратын шәрбаттарға аллергиясы бар адамдарды тек ингаляциямен емдей алады.

Жоғарғы тыныс алу жолдары аурулары кезінде булы ингаляциялар қолданылады. Ал төменгі тыныс алу жолдарын емдеуге небулайзерлерді пайдаланады.

Жөтел кезінде ингаляцияны басты екі әдіспен жасайды. Бірінші әдіс бойынша, булы ингалятор қолданылады. Булы ингалятор ретінде асүйдегі кез келген кәстрөл немесе тостағанды алуға болады. Кәстрөлге ыстық су құйып, оның бетіне тұрып, басыңызды сүлгімен жауып, бумен демалу керек. Дәріханаларда арнайы булы ингалятор сатылады, оның су құятын ыдысы мен тыныс алуға арналған қондырмалары болады.

Ингаляция жасаудың екінші әдісінде ингалятор-небулайзер қолданылады. Небулайзер – дәрі құйылатын және оны қысыммен шашырататын өндірістік аппарат.

Булы ингаляция жасау

Булы ингаляция – халық медицинасының құралы. Жылы ылғал ауа мұрынмен немесе ауызбен алынып, өкпеге түседі. Ингаляция буы тұмауды, суық тиюді, бронхитті емдеуге көмектеседі. Ингаляция буы қақырық шығаруға көмектеседі.

Қарапайым булы ингаляцияға қарағанда ароматерапия жақсырақ көмектеседі. Жөтелді жеңілдету үшін суға 2-3 тамшы эфир майын тамызу керек. Жөтел кезінде ащы жалбыз, қара бұрыш, кардамон, балқарағай, және гүлшетен эфир майларын қолдануға болады.

Небулайзермен ингаляция жасау

Небулайзерге дәрі құйылады және ол қысымның әсерінен аэрозольге (суық буға) айналады. Небулайзер негізгі блоктан және түтікшемен жалғанған және ауыз бен мұрынды жабатын түрлі қондырмалардан тұрады. Сығылған дәрілік ауа ағысы тыныс алу жолдары қабынуына әсер етеді. Ингаляцияға қолданылған дәрі қанға сіңбейді, сондықтан ағзаға қосымша (зиянды) әсер бермейді. Сондықтан небулайзерді кішкентай балаларға да қолдана береді. Небулайзермен ингаляция жасау кезінде ауызбен тыныс алу керек. Құралдағы дәрі біткенше (шамамен 10 минут) отыру қажет.

Ингаляторға құйылатын дәріні және оның мөлшерін тек дәрігердің кеңесімен алу керек. Кейде ингаляцияны дәрісіз, минералды сулармен де жасайды. Сонымен қатар, небулайзерге дәрінің орнына физиологиялық ерітінді құюға болады. Ол дәріханада сатылады немесе оны үйден дайындайды. Ол үшін 1 литр суға 100 г тұзды салып еріту керек. Ол жөтелді жеңілдетеді, қабыну процесін басады және тамақты ылғалдандырады.

Кез келген процедура секілді ингаляцияның да өз орындау ережесі бар:

– Процедура алдында тамақты соңғы рет 90 минут бұрын ішкен болуы керек;

– Науқастың киімі бос болуы керек;

– Науқас процедура кезінде табиғи тыныс алу керек;

– Қатты ыстық сумен тыныс алуға бомайды;

– Процедурадан соң 30 минут тыныштықта жату керек (тамақ ішуге болмайды);

– Температура біркелкі болу керек, сондықтан бірден далаға шығуға болмайды;

– Температура 37 градустан жоғары болса, ешқандай ингаляция жасауға болмайды.

Есіңізде болсын, балаға ингаляцияны тек педиатордың кеңесімен жасауға болады және процедура кезінде баланы жалғыз қалдыруға болмайды.
12 ақпан 2019 ж. 3 761 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930