Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдегі ең ежелгі мамандық белгілі болды – сіз ойлағаннан мүлдем басқа кәсіп

Әлемдегі ең ежелгі мамандық белгілі болды – сіз ойлағаннан мүлдем басқа кәсіп

Бақсылықтан басқа ешқандай кәсіп әлемдегі ең көне мамандық болып саналмайды. Олар өзгелерге беймәлім әрі түсініксіз дүниелерді болжай білген. Мұндай қорытындыны Гарвард өнер және ғылым жоғары мектебінің зерттеушілері жасады, деп хабарлайды РИА Новости.
Жобаны басқарған ғалым Манвир Сингх шаманизм адам қызметінің ең алғашқы саласы болды деген сенімде. Оның зерттеуі Phys.org сайтында жарияланыпты.
Сингх атап өткендей, ежелгі тайпалар сиқыршылар ауа райын басқарып қана қоймай, өмірдегі тағы бір қатар жайттарды бақылауында ұстайды деп сенген. Оның үстіне бақсылар жеке тап ретінде ерекше құрметке, жоғары билікке ие болыпты.
Алайда кез келген адам бақсы мамандығын игере алмайды. Көбінесе үміткер бұл атаққа ие болу үшін инициация процесінен өтуге тиіс болатын. Барлық сыннан сүрінбей өткен соң ер адам тайпаның сыйлы мүшесіне айналып, елдің бәрі оның сөзіне құлақ асатын болған.
"Осы инициация процесі шаманизмді барлығына қолжетімді өзге кәсіптерден ерекшелейді", — деп атап өтті Сингх.
Ғалымның айтуынша, тайпа өкілдері кез келген қызметке араласуға құқылы болған, бірақ адам бақсы жолына түссе, одан ешқашан бас тартпайтын еді.

06 қыркүйек 2019 ж. 2 032 0

Қауіпсіздік – басты назарда

03 қыркүйек 2025 ж. 150

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 164

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930