Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұзақ отырудың қандай зияны бар?

Ұзақ отырудың қандай зияны бар?

Қазіргі таңда көпшілігіміз жұмысымызды офисте, компьютердің алдында отырып атқарамыз. Техниканың дамуы адамның аз қимылдап (әсіресе қала тұрғындары), теледидар мен смартфонға жиі үңілуіне мүмкіндік берді. Ал, ұзақ отыру денсаулығыңызға аса зиян.

Отырғанда ағзамыз қандай өзгерістерге ұшырайды? Адам отыра салысымен бұлшықеттердің жұмысы бәсеңдеп, калорияны жоюдың жылдамдығы минутына 1 килокалорияға дейін төмендейді. 3 сағаттық отырыстан кейін қантамырлар кішірейіп, қанайналымы нашарлайды. 24 сағат бойы отырсаңыз, инсулиннің глюкозаны қармау қасиеті 40 пайызға төмендейді. Сол себепті диабеттің екінші түрінің пайда болу қаупі туындайды. 2 апта бойы күн сайын 6 сағаттан отырсаңыз, ағзадағы холестерин мөлшері артып, артық салмақ қосуыңызға себеп болады. Майды ыдырату ферменттерінің жұмысы нашарлайды.
Адам қимылдағанда миды қанмен, оттегімен, көңіл-күйге жауапты гормондармен қамтамасыз етеді. Ал, ұзақ уақыт қимылсыз отыру мидың жұмыс істеу белсенділігін төмендетеді. Сондай-ақ, ұзақ отыру жүрек-қантамырлары ауруларының, простата, омырау безі қатерлі ісігі ауруларының пайда болу қаупін арттырады. Сондықтан дәрігерлер күн сайын теледидар алдында тапжылмай отыру өз қолымен денсаулығыңызға зиян келтіру екендігін айтады. Офисте жұмыс істейтіндерге әр 1 сағат сайын 5-10 минуттық үзіліс жасап жаттығулар жасап тұруға, түскі үзілісте кем дегенде 30 минут таза ауада жүруге, жұмыстан соң тағы теледидар алдына жайғасып «демалуға» емес, көбірек қимылдауға кеңес береді.

23 тамыз 2019 ж. 1 139 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930