Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Компьютермен жұмыс істеу кезінде денсаулығыңызға қалай зиян келтірмеуге болады?

Компьютермен жұмыс істеу кезінде денсаулығыңызға қалай зиян келтірмеуге болады?

Қазір таңда көптеген адамдар компьютерде көп уақытын өткізеді. Бұған ақпаратты іздеу және онлайн режимінде сөйлесу, фильмдерді көру және т.б жатады. Компьютер алдында ұзақ уақыт отыру, бұлшық ет жұмысына да зиянын тигізеді. Компьютермен жұмыс істеу уақытында мойын мен арқаны тік ұстамау денсаулыққа зиян келтіріп, жүйке-жүйеңіздің, омыртқаңыздың зақымдалуына әкеледі. Ал компютер алдында отырғанда қандай ереежелерді білгеніміз жөн?
Компьютер алдында тапжылмай отыру көптеген ауруларға ұшыратады. Сондықтан келесі ережелерді біліп жүргеніміз жөн.
Компьютермен жұмыс
Мониторды тура алдыңызға қойыңыз. Ол үстелде жоғарғы нүктесі көзіңіздің тура алдында немесе сәл жоғары тұратындай орналасуы керек.
Отырған орындығыңыздың арқасы және шынтақ қоятын бөлігі болуы қажет. Сонымен қатар, оның биіктігі отырғанда аяғыңыз еденге тура тиіп тұратындай болғаны дұрыс.
Жиі қолданылатын заттардың орналасуы сіздің ұзақ уақыт қисайып не басқа да ыңғайсыз қалыпта отыруыңызға сеп болмауы тиіс. Қандай да затты болмасын, өзіңізге еш кедергі жасамайтындай етіп қойғаныңыз жөн.
Компьютерде жұмыс істеу ережелері.
Монитор мен пернетақтаны биіктігі бойынша дұрыс орналастырудың маңызы зор. Монитор ыңғайсыз тұрған жағдайда арқа және мойын бұлшық еттеріне салмақ түсуі салдарынан бас ауруы мүмкін. Қарапайым бір қағида бар: монитордың жоғарғы шеті көзбен бір деңгейде болуы, ал осы деңгей мен бейне беттің орталығы арасындағы бұрыш 15 градусты құрауы тиіс.
1. Арқаңызды тік ұстаңыз. Ежелгі кеңес; құныспай тік отырыңыз деген осы жерде орынды!
2. Иықтарыңызды бос ұстаңыз, шынтақтарыңыз тік бұрыш жасап бүгілген болсын. Басыңызды сәл алдыға еңкейтіп тік ұстаңыз.
3. Орындығыңыздын отырғышы жұмсақ болуы, тізелеріңіз тік бұрыш жасап бүгіліп, табандарыңыз жерге толықтай тіреліп тұруы тиіс.
4. Арақашықтықты сақтаңыз. Көз бен монитор экраны арасындағы қашықтық 70 см – ден аз болмауы тиіс. Басқаша айтсақ, сіз қолыңызды алдыға созып, бейне бетке әрең жетуіңіз тиіс.
Әр 45 минут сайын дене жаттығуын жасап отырғаныңыз абзал.
Компьютермен ұзақ жұмыс істеушіге арналған көз жаттығулары
Көзіңізді жиі-жиі жыпылықтатыңыз
15 минуттан соң 2-3 минуттай алысқа қараңыз.
20 минуттан соң екі шынтағыңызды үстелге тіреп, алақаныңызбен екі көзіңізді 1-2 минутқа жабыңыз.
1 сағаттан соң, омыртқаға арналған жаттығуларды істеңіз:
Оң және сол жаққа еңкейіп-шалқайыңыз. (1-2 мин)
Беліңізді айналдырыңыз (1-2 мин)
Ең болмаса, компьютер үстелін бір айналып шығыңыз.
Компьютермен жұмыс көзіңізді шаршатпасын. Бүгінгі күніңіз қуанышты хабарларға толы болсын!!!
29 мамыр 2018 ж. 4 225 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031