Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Миға зиян тағам

Миға зиян тағам

Жеуге болмайды – ғалымдар миды зақымдайтын тағамды атады.

Зерттеуге жеті мың адам қатысты. Австралияның ұлттық университетінің ғалымдары фастфудтың тағы бір қаупін анықтады. Көпшілік сүйіп жейтін бургерлердің миға кері әсерін тигізетіні дәлелденді, деп хабарлайды MedicalXPress порталы.

Зерттеуге 7 мың адам қатысқан. Нәтижесінде қазіргі кезде адамдардың 1970 жылдарға қарағанда, тамақпен бірге әлдеқайда көп калория алатыны анықталды. Демек, ағзамыз көп мөлшердегі тамақты қажет етпейді.

Гамбургер, фри картобы мен газдалған сусынның жалпы калориялық құндылығы – 650 килокалория. Мамандар мұндай мөлшердегі калория осыдан жарты ғасыр бұрын бір күнге жеткенін айтады.

Ал калория мөлшері тым көп болса, артық салмақ қосумен қатар мидың жұмысы да бұзылады.

"Қазір адамдар мидың қызметін өздері нашарлатып жүр. Өйткені ағза үшін зиянды диеталарды ұстанады, сондай-ақ, спортқа айтарлықтай көңіл бөлмейді ", - деп алаңдаушылық білдірді жаңа зерттеу авторы Николас Шербуин.

Ұзақ уақыт бойы дұрыс тамақтанбай, спортпен шұғылданбаған адамның диабеттің II типіне шалдығу қаупі артады. Сондай-ақ ғалым мидың жұмысы нашарлап, деменция пайда болатынын айтады.

Зерттеу кезінде әлемдегі ересектердің 30%-інде артық салмақ бар екені анықталған. 2030 жылға дейін ересектердің 10 проценттен астамы диабеттің II түріне шалдығуы мүмкін.

"Өйткені диабеттің II типі мен ми жұмысының нашарлауы арасындағы байланыс дәлелденген", - деді қартаю проблемаларымен айналысатын профессор.

Дәрігерлер фастфудтан бас тартып, ерте жастан спортпен шұғылдануға кеңес берді.

05 тамыз 2019 ж. 907 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 45

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930