Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» Өзбекстан обаға қарсы дайындықты бастап кетті

Өзбекстан обаға қарсы дайындықты бастап кетті

Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық және қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нурмат Атабеков хабарлады.  
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Оның сөзінше, Өзбекстандағы обаға қатысты жағдай бақылауда, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ташкентте жұқпалы аурулар ауруханаларының бірінде обаны анықтауға арналған зертхана қатаң режимде дайындалып жатыр. Медициналық мекемеде науқастарды орналастыру үшін төсек-орындар әзірленген.
Сондай-ақ, Өзбекстанның халықаралық әуежайларында, теміржол вокзалдары мен мемлекеттік шекарадан өтетін автожолдарында 53 санитариялық-бақылау пункті жұмыс істейді.
Қауіпті инфекцияларды анықтайтын зертханалар қажетті диагностикалық құралдармен қамтамасыз етілді.
"Еліміздегі обаға қатысты жағдай тұрақты және алаңдауға еш негіз жоқ", – деді Атабеков.
Оба – бактериялар қоздыратын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бұл аурудың табиғи ошақтары әлемнің белгілі бір аймақтарында кездеседі.
---
09 қазан 2026 ж. 175 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031