Аудан орталығында екі көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынуда
Биыл аудан орталығы - Әйтеке би кентіндегі Т. Бөріқұлақов және Жетес би көшелеріне жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Жобаға сәйкес, Бөріқұлақов көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолының ұзындығы 2,5 шақырымды құраса, Жетес би көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолы 1,6 шақырымға созылады.Қазіргі таңда мердігер мекемелер «Ақнұр Авто» және «Айым алтын» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, әсіресе балалардың мектепке қауіпсіз қатынауына мүмкіндік беретін жаяу жүргіншілер жолынның тұрғындар үшін маңызы жоғары.














