Қазақстанда өмірлік қиын жағдайға ұшыраған азаматтарға қандай көмек көрсетіледі
Әлеуметтік қызметтер аясында кешенді қолдау көрсетіледі

Фото: freepik.com
Үкімет Қазақстанда өмірлік қиын жағдайға ұшыраған азаматтарға қандай көмек көрсетілетіні туралы арнайы хабарлама жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Фото: freepik.com
Үкімет Қазақстанда өмірлік қиын жағдайға ұшыраған азаматтарға қандай көмек көрсетілетіні туралы арнайы хабарлама жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ақшалай төлемдермен қатар ерекше қолдауды қажет ететін азаматтарға арналған арнайы әлеуметтік қызметтер жүйесі дамып келеді. Көмек мүгедектігі бар балаларға, 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын қарт азаматтарға, тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарға, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының құрбандарына, сондай-ақ пробациялық бақылаудағы азаматтарға көрсетіледі», – делінген хабарламада.
Кепілдендірілген көлемдегі арнайы әлеуметтік қызметтер аясында мынадай кешенді қолдау көрсетіледі:
- әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер;
- әлеуметтік-медициналық қызметтер;
- әлеуметтік-психологиялық қызметтер;
- әлеуметтік-педагогикалық қызметтер;
- әлеуметтік-еңбек қызметтері;
- әлеуметтік-мәдени қызметтер;
- әлеуметтік-экономикалық қызметтер;
- әлеуметтік-құқықтық қызметтер.
2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша арнайы әлеуметтік қызметтерді 649 лицензияланған ұйым көрсетуде. Қолдаумен 103 973 адам қамтылған, оның ішінде:
- 60 055 адам үй жағдайында қызмет алады;
- 18 751 адам – стационарлық жағдайда;
- 11 786 адам – жартылай стационарлық жағдайда;
- 4 125 адам – уақытша болу ұйымдарында.
«Көрсетілетін көмектің сапасын арттыру мақсатында 2025 жылдан бастап арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау енгізілді. Жаңа талаптар білікті кадрлардың болуын, қажетті материалдық-техникалық базаны, санитарлық нормаларды сақтау, өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау және қозғалысы шектеулі азаматтар үшін қолжетімді жағдайлар жасауды көздейді. Қабылданып жатқан кешенді шаралар өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, оларды әлеуметтік бейімдеуге және қоғаммен етене араласуына жағдай жасауға бағытталған», – деп жазады Үкіметтің баспасөз қызметі.













