Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шегіртке қаупі күшейген: Қай өңірлер тәуекел аймағында және мемлекет қанша қаржы бөлді?

Шегіртке қаупі күшейген: Қай өңірлер тәуекел аймағында және мемлекет қанша қаржы бөлді?

Шегіртке тектестердің таралу көлемі бойынша көш басында Ақтөбе облысы тұр.
Фото: istockphotos.com
Ауыл шаруашылығы министрлігі шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күреске қатысты биылғы болжам, қауіпті өңірлер, бөлінген қаржы мен қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімдеме жасады.
Шегіртке қаупі жоғары өңірлер аталды
Министрліктің BAQ.KZ тілшісіне берген ресми мәліметінше, 2026 жылы шегіртке "шабуыл" жасауы мүмкін өңірлер қатарына бірнеше облыс енген. Шегіртке тектестердің болжамды таралу көлемі бойынша көш басында Ақтөбе облысы тұр - 424,055 мың гектар.
Одан кейін Түркістан облысында болжамды таралу аумағы 421,594 мың гектар. Қостанай облысында бұл көрсеткіш - 280,225 мың гектар, Жамбыл облысында - 230,848 мың гектар, Батыс Қазақстан облысында - 229,288 мың гектар, ал Абай облысында - 119,310 мың гектар.

Қалған өңірлер бойынша:
Ақмола облысы - 42,162 мың га;
Алматы облысы - 83,389 мың га;
Атырау облысы - 79 мың га;
Шығыс Қазақстан облысы - 26,3 мың га;
Жетісу облысы - 91,079 мың га;
Қарағанды облысы - 80,1 мың га;
Қызылорда облысы - 65,18 мың га;
Павлодар облысы - 12,764 мың га;
Ұлытау облысы - 18,7 мың га жерге шегіртке "шабуыл" жасауы мүмкін.
Бюджеттен қанша теңге бөлінді?
Министрлік мәліметінше, 2026 жылы химиялық өңдеу жұмыстары 2 млн 203,994 мың гектар алқапта жүргізіледі.
Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 7,1 млрд теңге бөлінген. Ведомство аталған қаражат есебінен химиялық өңдеу қызметтері толық көлемде сатып алынғанын хабарлады. Қазір барлық облыста шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүріп жатыр екен.

Қай өңірлерде шегіртке жиі тараған?
Соңғы жылдардағы статистика бойынша шегіртке ең көп тараған өңірлер қатарында Қостанай, Ақтөбе және Түркістан облыстары бар.
Қостанай облысында шегіртке таралған аумақ 2023 жылы 420 мың гектар болса, 2024 жылы 1 млн 125,7 мың гектарға дейін өскен. 2025 жылы бұл көрсеткіш 732,7 мың гектар болған.
Ақтөбе облысында 2023 жылы - 709,8 мың гектар, 2024 жылы - 856,8 мың гектар, ал 2025 жылы 513 мың гектар аумақ қамтылған.
Түркістан облысында 2024 жылы 389,6 мың гектар, 2025 жылы 324,4 мың гектар жерге таралған.
Министрлік 2026 жылы Ақтөбе, Қостанай және өзге де өңірлерде таралу көлемі төмендейді деп болжап отыр.

Шегірткемен қалай күресіп жатыр?
Қазір Қазақстанда шегірткеге қарсы негізгі әдіс ретінде химиялық өңдеу қолданылады. Бұл жұмыстарға аса жеңіл авиация, жеңіл авиация ұшақтары, пилотсыз авиациялық жүйелер, аэрозольді генераторлар, жерүсті желдеткішті және штангалы бүріккіш техникалар тартылған.
Министрлік мәліметінше, химиялық өңдеудің тиімділігі арнайы формула арқылы есептеледі және өңдеуге дейінгі және кейінгі зиянкестер саны салыстырылады.
Биологиялық тиімділік деңгейі ғылыми негіздемеге сәйкес кемінде 95 пайыз болуы тиіс.

Шегіртке егістікке қаншалықты қауіпті?
Ведомство ФАО халықаралық сарапшыларының деректеріне сүйене отырып, шегірткеге қарсы күрес уақытылы жүргізілмесе, олардың таралу аумағы 150-1000 есеге дейін ұлғаюы мүмкін екенін мәлімдеді.Мұндай жағдайда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі азайып, жайылымдық жерлердің азықтық қоры едәуір зардап шегуі ықтимал.
Министрлік 2019-2021 жылдары Африка елдерінде болған жағдайды мысалға келтіріп, шегірткелердің жаппай таралуы миллиондаған адамның азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіргенін атап өтті.
700 мың гектар өңделді: әзірге залал тіркелмеген
Министрліктің хабарлауынша, қазіргі таңда республика бойынша шамамен 700 мың гектар алқап өңделген. Ведомство шегірткеге қарсы мониторинг пен қорғау шаралары жоспарлы режимде жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Бүгінге дейін шегіртке зиянкестерінен келтірілген залал тіркелген жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда, – деп хабарлады министрлік.
05 маусым 2026 ж. 36 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930