Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» Құдай әр қадамыңды қадағалап отырғанын өзің де сезесің...

Құдай әр қадамыңды қадағалап отырғанын өзің де сезесің...

Сыртыңнан Құдай бақылап отыр деп қиялдау – көнеден келе жатқан мағынасы зор сабақ. Бұл қиял бүкіл өміріңді өзгертеді. Осы ой жүрегіңе тереңдеген сайын, яғни Құдай әр қадамыңды мүлт жібермей қадағалап отыр деп ойлағаннан – біртіндеп көзге көрінер-көрінбес өзгерістер басталады. Өзің істей алмайтын кей дүниелер өздігінен бола бастайды. Егер Құдай қарап тұр-ау деп ойласаң, кей істерің соншалық ақымақшылық, қисынсыз болатынын байқайсың. Бұрын-соңды істеп көрмеген қайбір істі оп-оңай орындай саласың. Себебі, Құдай бәрін көріп тұр деп мазасызданасың. Бір қарағанға өте қарапайым тәсіл. Бұл тәсіл адамның болмысында жаңа өзгерісті тудырады. Небәрі жеті күннен кейін кішкентай өзгерістердің бола бастағанын анық байқайсың: басқаша жүре бастайсың, жүріс-тұрысың әсемденіп, мінезің көркем бола бастайды, себебі сыртыңнан Құдай қарап тұрғанын сезесің. Бұдан былай сен жалғыз емессің. Ұлы Жаратушы әрдайым саған көз қырын салып отырады.
Сыртыңнан біреу-міреу бақылап отыр деп ойлағаннан адам баласы сергек әрі саналы бола бастайды. Біреу бақылаған кезде ессіздік пен санасыздыққа жол бермейсің.
Сыртымнан Құдай қарап тұр-ау деген сезім болмысыңның ерекшелігіне айналады. Сонда саналы түрде есейгеніңді түсіне бастайсың. Сондықтан мұндай сезімге ықтиятты бол. Үнсіз отырған кезде көзіңді жұмсаң, Құдай әр қадамыңды қадағалап отырғанын өзің де сезесің...
Аударған: Шынар Әбілдә

---
01 тамыз 2018 ж. 1 474 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 125

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 125

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930