Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Дарын ӘБІШ: Ұрпақтың қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз етуіміз керек

Дарын ӘБІШ: Ұрпақтың қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз етуіміз керек

Жуырда өткен жылдың жұмыс қорытындысы бойыншааудан прокуроры Дарын Әбіш қадағалау саласында атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жөнінде баспасөз өкілдерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында бізде көкейдегі сауалдарға жауап алып қайтқан едік.
– Дарын Елтайұлы, «Жастар – елдің ертеңі» дейміз. Үміт артамыз. Десе де оларға бағыт-бағдар беріп, дер кезде тізгіндеп отыру баршаға ортақ. Осы орайда Сіздер жастар тәрбиесінде қандай жұмыстарды қолға алдыңыздар?
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт КемелұлыныңЖолдауында: «Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуіміз керек» – деді. Расында да бұл аса маңызды. Осы ретте бірігіп ұйымдастырылған профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде 2023 жылы жалпы тіркелген қылмыстар 2022 жылмен салыстырғанда10%-ға(149/134) төмендеді.
Қылмыстылықтың алдын алу және алдағы кезеңдерде болдырмау мақсатында аудандық прокуратурамен аудан әкімін, ауданнан сайланған облыс, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер кеңесінің, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Қазалы қаласы, кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, полиция бөлімінің басшылығы мен учаскелік инспекторлары, мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары қатысуымен бірнеше реттүрлі іс-шара өткізілді.
Бұл шаралар аясында уәкілетті органдарға прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, хаттамалық шешімдермен нақты тапсырмалар жүктеліп, онда қылмыстылықтың алдын алу мақсатында біршама іс-шараларды атқару тапсырылған.Сонымен қатар құқық бұзушылықтарға қарсы профилактика жұмыстарын жүзеге асыруда құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдар және үкіметтік емес ұйымдармен 23 тармақтан тұратын бірлескен іс-шара жоспары әзірленіп, бекітілді.
– Жұмыс жүргізілді, нәтиже қандай?
– Нәтижесімен, орташа санаттағы қылмыс46, онша ауыр емесқылмыс 12, оның ішіндетонау 300, бұзақылық 33,ұрлық 35, мал ұрлығы 46, алаяқтық 8%, жол көлік қағидаларын бұзу 37, топпен жасалған қылмыстар 33, көшеде жасалған қылмыстар 35, масаң күйде жасаған қылмыстар 5, кәмелет жасқа толмағандармен 43 пайызғатөмендеген.Дегенмен жекелеген қылмыс түрлері өсім алған.
– Жекелеген қылмыстың өсім алуына не себеп?
–Жекелеген қылмыс түрлерінің өсім алуына бір азаматтың бірнеше рет қылмыстарды қайталауы себеп болған.Өздеріңізге белгілі ауданымызда қылмыстың алдын алу бойынша және профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру бағытында аудандық прокуратурасының бастамасымен WhatsApp жүйесінде «Профилактика Қазалы» арнайы чаты ашылып, оған аудан әкімі, құқық қорғау мен жергілікті атқарушы органдардың басшылары енгізіліп, күнделікті аудан әкімдігінің бөлім басшыларымен кезекшілік ұйымдастырылды.
– Құқығын қорғауды талап етіп келген тұрғындардың өтініш-тілегі қаншалықты деңгейде шешімін тапты?
– Былтыр есепті мерзімде 15 845 азаматтың құқығы қорғалды, оның ішінде конституциялық құқықтар –35. Енгізілген прокурорлық қадағалау актілері негізінде мемлекеттік бюджетке 20 млнтеңге қайтарылып, аудандық прокуратурасының ақпараттық есепке алу кітабына 2 құжат тіркелсе, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 2 қылмыстық іс тіркелді.Атап айтқанда, жүргізілген тексеру барысында №238 және №259 орта мектептердің есепшілері 4,4 млн теңгені өздерінің есеп шоттарына аударып алғандығы анықталды.Орын алған заң бұзушылықтың негізінде, аталған мектептің есепшілері Қазалы ауданы сотының 02.11.2023ж. және 16.11.2023ж. үкімдерімен ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға есепші қызметімен айналысу құқығынан айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар аталған қылмыстық іс бойынша барлығы 4,4 млн теңге қаражат аудан прокуратурасының қадағалау актісі негізінде мемлекет пайдасына толық өндірілді.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша ағымдағы жылы аудандық прокуратурамен 13 қадағалау актісі (3 ұсыну, 10 наразылық) енгізіліп, нәтижесімен 10 әкімшілік қаулының күші жойылып,405 кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды. Қаржы өндіру бойынша мемлекет бюджетіне 20 011 388 теңге өндірілді.Нақты айтқанда аудан прокуратурасымен ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша талдау жүргізіліп, нәтижесімен 92 млн теңге қаражатты мемлекет пайдасына уақытылы қайтармай, келісім талаптарын бұзған202 тұлға анықталып, бүгінгі күні 16 млн теңге қаражат мемлекет пайдасына өндірілді.
Азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша «Қазалы-Су Сервис» ШЖҚ МК тарапынан қызметкерлерге 2023 жылдың қаңтар айының жалақысы төленбегендігі анықталып, нәтижесімен 35 қызметкердің 3 512 903 теңге жалақыларының берілуін қамтамасыз етіліп, конституциялық құқықтары қорғалды.
Бұдан бөлек білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандардың (білім алушылардың) сабақ режимдерін белгілейтін заңнамалардың сақталуына талдау жүргізіліп, 27 мектепте білім алып жатқан 15 312 оқушының бұзылған құқықтары қайта қалпына келтірілді.Жайылымдық және кәсіпкерлік жер учаскелері бойынша талдау жүргізіліп нәтижесімен, прокурорлық қадағалау актісінің негізінде құны 1 200 000 теңге болатын 600 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.
– Қоғамда өзекті мәселе көп. Солардың ішінде бір ғана алимент өндіру жайын айтайықшы. Бауыр еті баласына қаржылай қамқорлық таныта алмай жүргендер қаншама. Оларға бір тосқауыл болуы керек ғой...
– Алимент өндіру санатындағы атқарушылық құжаттарға талдау жүргізіліп, нәтижесімен 1 қылмыстық, 18 әкімшілік іс қозғалып, аудандық прокуратураның ықпалымен 3 борышкер жұмысқа орналастырылды.Талдау қорытындысымен 3 қадағалау актісі енгізіліп,5 сот орындаушы тәртіптік жазаға тартылып, мемлекет пайдасына 8,1 млн теңге өндірілген.Мысалы, Әйтеке би кентінің тұрғыны, табыс тауып борышкер бола тұра, кәмелетке толмаған қызын күтіп бағу үшін мүлде алимент төлемей, сот шешімін қасақана орындамаған.Орын алған дерек бойынша 23.012023ж. борышкерге қатысты ҚР ҚК-нің 139-бабымен қылмыстық іс тіркеліп, Қазалы ауданы сотының 10.03.2023ж. үкімімен борышкер аталған баппен кінәлі деп танылып, оған қатысты 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.
– Сот үкімімен сотты болған азаматтарды қоғамға қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтсаңыз...
– Бұл ретте бірқатар оңды жұмыстар атқарылды.Мысалы, сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне 67әлеуметтік, оның ішінде 15медициналық, 25психологиялық, 12құқықтық көмек және 15 жұмыспен қамту көмегі көрсетілген.
Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп ай сайын пробация қызметіндегі жұмыссыз сотталғандарды қатыстыра отырып «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі 4 рет өткізілді.
Нәтижесінде, 3-сотталған «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негізде оқытылып, оның ішінде жартылай фабрикат кондитерлік өнімдер жасап жеке кәсібіммен айналысу, мал шаруашылығын дамыту бойынша әр қайсысына 1 млн 380 мың теңгекөлемінде қайтарымсыз грант берілді.
– Уақыт бөліп, жауап бергеніңізге рақмет.
Сұхбаттасқан,
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
30 қаңтар 2024 ж. 303 0

Ротация туралы не білеміз?

03 желтоқсан 2024 ж. 54

Ерекше жандар ескерілді

03 желтоқсан 2024 ж. 82

Тәуелсіздікті ту етемін

02 желтоқсан 2024 ж. 83

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031