Әлімжан Ерниязов: Қазақ жігіттері жігерсіз емес
Ауданнан шыққан елге белгілі, абыройлы азаматтар аз емес. Солардың қатарында Кеңес Одағының, ҚР Жоғары Қарулы Күштерінің, Ауған соғысының ардагері, «Қызыл жұлдыз», «Мінсіз қызметі үшін» III-ші дәрежелі орденімен марапатталған, генерал-майор Әлімжан Ерниязов та бар. Жақында туған жер мақтанышымен еркін әңгіме-дүкен құрған едік. – Өмір-өзеніңіз қай жерден бастау алды?
– Мен 1955 жылы 9 сәуірде Қазалы қаласында дүниеге келдім. М.Горький атындағы №16 мектебін 1972 жылы тәмамдап, бір жыл теміржол саласында еңбек еттім. Сонан соң Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищеге түстім. 1977 жылы оқу аяқталысымен әскери қызмет басталды. Артынша 1979 жылдың желтоқсан айында Кеңес жауынгерлері құрамында Ауғанстанға кеттім.
Бүгінге дейін басымнан қуанышты күндермен бірге қиыншылық қатар өтті. Оның барлығына тереңінен тоқталудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Қысқаша айтатын болсам, 1984 жылы Мәскеу қаласы М.В. Фрунзе атындағы Әскери академиясын бітірдім. Одан кейін басқа да шет елдерде жүрдім. 1991 жылы Қазақстанға оралып, 1992 жылы Балқаш қаласында военком болдым. Ұзамай тағы да бұйрық шығып, Семей облысына полк командирі болып, содан кейін Сарыөзекке сегізінші дивизияның командир орынбасары қызметін атқардым. Біршама уақыттан кейін Өскемен қаласында командир болдым. Сөйтіп 2001 жылы желтоқсан айында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының қолынан генерал шенін алдым. 2005 жылы Америкаға жіберді. Бір жылдан соң елге оралып, «Батыс» өңірлік әскери қолбасшысының орынбасары, артынша бірінші орынбасары, сосын қолбасшы атандым. Біршама уақыттан кейін астана қаласына ҚР ҚМ Бас инспекциясының бас инспекторы қызметін атқардым. Сонда жүріп, әскери даярлық департаментінің ген-штабы бастығы болып, көп ұзамай 2013 жылы сол жерден зейнеткерлік демалысына шықтым.
– Әдетте бір жолды таңдау үшін үлкендердің тигізер ықпалы зор. Әскери салаға келуге кімнің ықпалы тиді?
– Шындығында бұл менің өз таңдауым. Ең алғаш қызығушылығым мектеп қабырғасында басталды. Юрий Михалович ағайым әскери даярлық пәнінен сабақ жүргізетін. Сол кісі сыныптастармен тоғайға барып, дарияның етегінде келе жатып, әскери сұрақ қоюды бастайды. Мен соның барлығында белсенділік танытып отыратынмын. Бүгінде өзі дүниеден өтсе де, менің әскери азамат болуыма бірден-бір жол сілтеген ұстазым екенін ұмытпаймын. Одан кейін Қазалы аудандық әскери комиссариаты Игнатов 9 сынып оқушылары арасында училищеге оқуға насихат жүргізді. Міне, осындай себептер арқылы әскери өмірді таңдап, қиындығы мен қызығы мол жолға түстім.
– Әлімжан аға, балалық шақ дегенде көз алдыңызға не елестейді?
– Таңның атысы, күннің батысы жалаңаяқ жер басқан әрбір ойын баласы кішкентайында тек сауық құруды ойлайды. Мен де сол қатарда болдым. Балғын балалық шақта бастан өткен қызық оқиғалар жетерлік. Бірақ бәрі бірдей есте сақталмады. Мәселен, мектептегі қызығы мен шыжығы мол уақыттардың өзін бір түйіп қоюға болады. Есейе келе өткеннің еншісінде қала береді екен. Дегенмен барлығы бірдей қуанышты күндерге толы болды деп айту артық болар. Көп нәрсе орнымен келіп отырды.
– Бүгінгі қазақ жігіттерінде қандай қасиеттер жетіспейді?
– Мен Кеңес үкіметі кезінде Ауғанстанда өзге ұлт өкілдері мен қоса көптеген қандастарымызбен бірге соғыстым. Сонда қазақ жігіттері ешкімнен кем болмады. Тіпті алдыңғы қатардағы жауынгерлер сапынан көрінді. Меніңше «қазақ жігіттерін жігерсіз» деп айту үлкен қателік. Себебі барлығының соңында ұлттық тәрбие тұрғанын ұмытпау қажет. Қазақ ұландары мұндай ауыр сөзге лайық жандар емес. Сондықтан салмақты біреуге артып, мін тағудан аулақпын. Ал бүгінгі қоғамдағы болып жатқан көлеңкелі көрініс заманның кінәсі. Тәртіп пен идеологияның жоқтығы.
– Қазіргі жасөспірімдер Отанға деген саналы сүйіспеншілік, елжандылыққа бейжай қарайды. Яғни патриотизм төмен. Мұның себебі неде?
– Шыны керек қазір мектеп оқушыларының мұғалімге қарсы келіп жүргенін естіп те, көріп те жүрміз. Одан қалды ата-анасын шақырып, арты ушығып жатады. Біз мектепте білім алып жүргенде ұстазды құрметтеуге аса қатты көңіл бөлінетін. Өйткені ата-аналар баласын мектепке тапсырғанда «еті сенікі, сүйегі менікі» деген қағиданы ұстанатын. Мұғалімдерде балаға себепсіз қол жұмсамайтын. Оқушы оның ар жағында ұстазға үн қатуға батпай тұратын.
Бүгінде көпшілік адам өзгерді дегенді алға тартады. Бірақ менің жеке пікірім адам емес, уақыт талабы өзгерген секілді. Берілетін тәрбиенің ауқымы тарылды. Елге деген сүйіспеншіліктің азаюы осыдан пайда болады. Бүгінгі кейбір жастар отбасындағы ата-анасымен, бауырына жаны ашымайтындықтан, олардың елді жақсы көруі екіталай. Көп жастар қазір еріншектікке бой алдырып, қол қусырып, қарап отырады. Соның салдарынан патироттық сезімі аз азаматтар қоғамда көбейіп барады.
– Бүгінде Қазақстан әскерінің қауқары қалай?
– Рас, бұрынғыша қатарға тұрып, қолға мылтық алып жүгіре беретін кез өтті. Қазір соққының қай маңнан келетіні белгісіз. Дегенмен елде әскери дайындықтың іргетасы қаланған. Қазақстан Қарулы Күштері ешбір елден кем емес.
– Кітаппен доссыз ба?
– Әрине. Кітапты рухани сарқылмас қазына санағандықтан мектеп қабырғасында, училищеде іздеп жүріп оқитынмын. Әлі күнге дейін одан алшақтап кеткенім жоқ. Кітапты көпшілік уақыт өткізу үшін оқиды. Дегенмен ол нағыз білімнің қайнар бұлағы. Бүгінгі жастар осыны санасынан бір сәт те шығармай, көп оқып, білім нәрімнен терең сусындауы қажет.
– Нағыз қазақ десе, кімді мақтанышпен айтар едіңіз?
– Әрбір саланың бетке ұстар қаймақтары, майталмандары жеткілікті. Бірақ әскери тірлікте сөзсіз мақтанып, ауыз толтырып, көкірегімді кеңге жайып айтатын адам даңқты жауынгер, белгілі қолбасшы Бауыржан Момышұлы. Оның жасаған ерлігі, ел үшін атқарған еңбегін айтып жеткізу мүмкін емес.
– Ашық сұхбатыңызға рахмет. Аман болыңыз!

ӘңгімелескенАбзал ЖОЛТЕРЕК