Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Кеудесінен ән төгілген Бексұлтан

Кеудесінен ән төгілген Бексұлтан

Сырды жағалай қоныстанған елдің соңғы 90 жылдағы шежіресін хатқа түсірген «Сыр бойы» газетінде жарты ғасырдай еңбек еткен фототілші Болат Омарәлиевтің архиві – тұнып тұрған шежіре. Тарихи оқиғалар мен еңбек, өнер, шығармашылық адамдарының қас-қағым сәттегі бейнесі түртіп қалсаң, тіл бітіп сайрап кететіндей.

Бүгіннен бастап өткен дәуірдің бейнесін көз алдымызға әкелетін сан қырлы суреттердің сырын ашып, оқырман назарына ұсына бастаймыз. Төмендегі суретте – Халық ақыны Манаптың шәкірті, күні бүгінге дейін ел аузынан түспеген «Ақбаян», «Жеңешем», «Күлімдеші», «Ақшолпаным», «Ақ гүлім» сияқты әндердің авторы, композитор Бексұлтан Байкенжеев. Ол «Сыр сұлуы» және «Нұргүл» ансамбльдері құрамында көптеген шет елдерде өнер көрсеткен. Халық шығармашылығы Бүкілодақтық фестивальдарының лауреаты атанған.

– Бұл суретті Жаңақорған ауданының «Жаңа базар» маңындағы жәрмеңкесі кезінде шамамен 1990 жылдары тү­сірдім. Қолындағы баянынан саз төгілтіп, қасқайып тұрып ән шыр­қаған Бексұлтанның тұлғасы биіктеп кеткендей көрінді. Оның ғұмыры тым қысқа болса да, ізіне өлмес туындылар қалдырды. Басқасын айтпай-ақ, бір «Ақбаянның» өзі неге тұрады? Сыршыл, әуені мен сөзі үйлескен «Ақбаян» бүгінде халық әніне айналып кетті. Негізі Бексұлтанды көп түсірдім. Ұнағаны осы ғана. Өйткені суреттен әншінің ішкі толқынысын, жан дүниесінің иірімдерін байқауға болады, – дейді Б.Омарәлиев.

Бексұлтан Байкенжеевтің «Ақбаян» әнінің дүниеге келуіне 1968-1972 жылдары Қызылорда пединститутының музыка бөлімінде бірге оқыған курстасы Қабдеш Шағыров куә болыпты.

– «Ақбаянның» сөзінің авторы – тағы бір курстасымыз Әбдімәлік Сыздықов. Жастар басқосуында бір қызды ұнатып қалған досымыздың жан тебіренісін байқаған Бексұлтан «сөзін сен, әнін мен жазайын» деді. Сөйтіп халық әндерінің сарынындағы тамаша туынды жарыққа шықты, – дейді ол.

Биыл елін ән қанатында қалық­татқан Бексұлтан Байкенжеев 70 жасқа толар еді...
15 қаңтар 2019 ж. 1 751 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930