Арша бесіктің құдіреті
Қоғамнан басқаша ойлайтын қаламгерлерге (Александр Солженицын, Иосиф Бродский қатарлылар) саяси баспана, әлемдік ең үлкен әдеби марапат Нобель сыйлығын ұсынып, “ағалық” қамқорлық танытқан батыс билігі Горбачевтың қайта құруынан кейін кәдеге жарар мәдени көзірлерін қызыл империяның жүрегіне жіберуге мүмкіндік алды. Тамыз төңкерісінің қарсаңында Американың әйгілі рок тобы «Металлика» Мәскеуде ашық алаңда сан түмен адамның алдында өнер көрсетті. Топ мүшелерінің шаш-киім үлгісімен сахнадағы қимыл қозғалысынан әндерінің екпінінен батыстық еркіндіктің лебі есіп тұрды. Әсіресе топ әншісі Джеймс Хэтфилдтің әлсін әлі көрермендерге қарап тост көтеріп, құрғаған тамағын сырамен жібітуі кеңестік үлкен семьяда жағымды кейіпкер болудан шаршаған жаңа буынның ерекше қошаметіне ие болды.«Арша бесік» деген бір үзігінде жетімдіктен ұлт арысына көтерілген өз өмірін қазақы бесіктің киесімен байланыстырады. Анасы шампан ішуге құмар болған америкалық биші Айсерода Дунканның “Мен билеуді анамның құрсағында жатқанда үйрендім” - деген сөзін мысал етіп, батыстық тәрбие мен ұлттық тәрбиені салыстырып, әрі қарай қазақи құндылықтың сырын аша түседі: «Мұқаң айтқан “Бесігіңді түзе” - деген сөзде терең мағына бар. Соның бірі бесік ағашының таза, сапалы болуы. Ал сапалы бесік арша ағашынан жасалған бесік.












