Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Назарбаев: Құдай – жалғыз, жүретін жолымыз – әртүрлі

Назарбаев: Құдай – жалғыз, жүретін жолымыз – әртүрлі

Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Әлемдік дәстүрлі діндер көшбасшыларының алтыншы съезі туралы пікір білдірді.

«Мұндай шаралардың біздің мемлекетте өтуінің өзіндік себебі бар. Біздің елде әртүрлі этнос пен діндарлар бар. Олардың бәрі ұрсыспай, бір-бірін өлтірмей-ақ тұрып жатыр. Келген адамдар соған таң қалады», - дейді ол.

Қазіргі уақытта дін саясатқа айналып кетті.

«Дін арқылы соғысады, дін арқылы қан төгеді. Террористердің бәрі «мұсылман» болып шыға келді. Менің тапсырмаммен алты жыл бұрын бірінші съезд өткіздік. Керемет деңгейде өтті. 45-50 мемлекеттен жиналған әртүрлі дін басшылары осы жерде әңгілемелеседі. Барлығының айтатыны «Құдай – жалғыз, жүретін жолымыз – әртүрлі». Алтыншы съезде «Діндердің дүние жүзі тұрақтылығына қосатын үлесі қандай?» деген тақырыпта өтті. Олар келіп жиналып отыратын болса – Қазақстанға мәртебе деп ойлаймын. Біз бәрімен достық қарым-қатынастамыз, сондықта осында олар қорықпай келеді», - деді ол.
29 желтоқсан 2018 ж. 982 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930